Мазмұнға өту

КОУЧИНГ-СЕССИЯ ─ БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

Марал 4 мин оқу 46 оқылым

КОУЧИНГ-СЕССИЯ ─ БАЛАБАҚШАДАҒЫ  ОҚУ-ТӘРБИЕ

ЖҰМЫСЫНДА  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ.

Білім мен оның нәтижелілігі – педагогиканың өзекті мәселесі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагог және оның кәсіби шеберлігі. Сондықтан әдістемелік жұмыстың басты бағытының бірі – тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің денгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагогтың жұмыс нәтижесінің үнемі байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жүйелі жетілдіру үрдісін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, педагогтарға нақты, уақытылы және оңтайлы көмек көрсету.  Педагогтың тек қана кәсіби шеберлігін көтеру емес, сонымен қатар, педагогтың дербестік деңгейде өсуі, оның шығармашылыққа білеттерін ашуына балабақшада ұйымдастырылған инновациялық кешені моделінің маңызы да зор. Инновациялық кешеннің моделі:

  1. Шығармашылық топтар
  2. Ғылыми-әдістемелік кеңес
  3. Тәлімгерлер мектебі
  4. Өзбілімін жетілдіру орталығы
  5. Ақпараттық қолдау тобы

Инновациялық кешеннің қызмет алгоритмі:

1 Шығармашылық топтар. Бұл топты педагогикалық тәжірибесі бес жылдан жоғары асқан педагогтар қауымы құрайды.  Мақсаты: жаңа бағдарламаларды және технологияларды табысты енгізу мен қолдануға жағдай жасау, семинар-практикумдар, кеңестер, шеберлік сыныбын, рөлдік ойындар, диспуттар өткізу, авторлық бағдарламаларды өнімдеу және енгізу.

  1. Ғылыми-әдістемелік орталығы. Бұл топты педагогикалық өтілі он жылдан асқан педагогтар қауымы құрайды. Мақсаты: жылдық жоспар мақсатының табысты шешуіне, негізгі жоба құжаттарының сапалы өнімдеуіне, зерттеуге қатысу (даму бағдарламасы, зерттеу жобалары, іске асыруға бағытталған бағдарламалардың сапалы орындалуы)
  2. Тәлімгерлер мектебі. Мақсаты: жас мамандардың кәсіби қызметінің қалыптасуына жағдай жасау; психология-педагогикалық қолдау және әдістемелік көмек көрсету, жас мамандармен жұмыс жоспарын құрастыру.
  3. Өз білімін жетілдіру орталығы. Мақсаты: өз білімін жетілдіруге қажеттілікті сезе білу, тақырыптың мақсатымен міндетін аңықтау және оның шешіміне бағытталған іс-шараларды жүйеге келтіру.
  4. Ақпараттық қолдау тобы. Мақсаты: электрондық құжаттарды рәсімдеу, мәліметтер қорын жинақтау, дидактикалық материалдарды дайындау, интернет-қорды кең қолдану, бейне қорын толықтыру.

Инновациялы қкешеннің моделін қолдану кезінде күтілетін нәтиже: 1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруы мен сапасының жоғарлауы; 2. Ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстың жетілдіруі; 3. Педагогтардың кәсіби және әдістемелік құзыреттілігінің өсуі, инновациялық қызметке дайындық деңгейлерінің көтерілуі; 4. Әдістемелік өнімдердің дайындалуы (инновациялық бағыттағы перспективтік жоспарлау, әдістемелік нұсқаулар, авторлық бағдарламалар, жобалар).

Қазіргіуақыт ─ жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтар мен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.  Білімнің дәрежесіне кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өздігінен үнемі ұстап тұра алмайды, осыған орай, коучинг арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынамын. Коучинг білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастық тағы балабақша кешенінде жүзеге асырылады. Педагог   өз жұмысында жетістікк ежетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгерлер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Коучинг педагогтарға өзмүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген.  Осы төңіректе өз зерттеуімд ібастадым. Алдымен  «Коучинг» терминінің шығуы, оны кімдер зерттеді деген сауалдарға жауап іздеп, ақпаратты жинақтадым. «Коучинг» ─ ағылшын сөзі «үйрету, жаттықтыру» дегенді білдіреді, жаттықтыру, үйрету, бағыттау, фактілермен қамтамасыз ету (ағылшын тілінен Оксфорд сөздігі, 2009). «Коучинг» ─ кеңес, қатаң ұсыныс бермейді, керісінше үйретушілер мен үйренушілер бірлесе отырып шешіміз дейді. Коучинг ─ адамға қанағаттанушылық сезімін алыпкелетін мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін ортаны әңгіме және мінез-құлық арқылы құрабілуше берлігін жоғарылатады. Сонымен қатар, В.Ю.Завьяловтың айтуы бойынша, инновациялық коучингтің – бағыты тек қана ұжымды басқару емес, сонымен қатар, олармен іскерлік қарым-қатынаста болу, тәлімгерлік және серіктестік стильде жұмыс атқару, маңыздылығы, үйрету және ұжымдымақсатқа жетуге бағыттау. Әр тұлға атқарып жатқан қызметінің мақсаты мен міндетін, пайдасын түсіне отырып, жұмысын тиімді атқаруға ынтасы көтеріледі. Коучинг адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Коучинг кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты, өзі табуына көмектеседі. Оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жолашады. Коучингтің ұраны: «Мен жаттықтырушы, ал Сіздер жеңімпаз». Осы ақпараттарға сүйене келе, «Балабақша педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыр ужолының бірі – инновациялық технологиялар. Коучинг- сессия» жоба жоспарын құрдым. Коучинг-сессия жобасын ұйымдастыру кезінде педагогтардың кәсіби деңгейлер іесепке алына отырып, олар үштопқа бөлінді. 1-топ ─ Жаңадан бастаушы педагогтар. 2-топ ─ Өз жұмысын жұйеге келтірген педагогтар. 3-топ ─ Инновациялық тәртіпте жұмысістейтін шығармашыл педагогтар.  «Коучинг-сессия» жобаның ерекшелігі педагог өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауға белсенді оқутүріне бағыталуына қолдау көрсету.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдраманова Г.Б., Байзулдаева Г.О. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі // Молодой ученый. - 2015. №7.1. -4-6-б. 2. Кулагин В.П., В.В. Найханов, Б.Б. Овезов, И.В. Роберт, Г.В. Кольцова, В.Г. Юрасов. Информационные технологии в сфере образования. - М.: Янус-К, 2004. - 248 с. 3. Роберт И.В., Поляков ВА Основные направления научных исследований в области информатизации профессионального образования. - М.: «Образование и Информатика», 2004- 68с.

Тоққожина Марал

тәрбиеші

№42 «Айналайын» МДҰ

Ақтөбе қаласы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Марал

Автордың басқа материалдары

Бастауыш сынып

Жеке күнделік жүргізудің пайдасы

Жеке күнделік жүргізудің пайдасы Самидин Марал Жеке күнделік жүргізу — көптеген адамдардың әдеті, бірақ мұндағы басты сұрақ: біз өз ойларымызды, естеліктерімізді, армандарымызды, уайымымыз бен қуанышымызды қағазға жазу…

Марал 34 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі (1 сабақ)

Ракымбаева Марал Лазаровна Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №185 ЖББМ КММ «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негізі Мұғалімнің аты жөні: Ракымбаева М Күні: Сынып: 11 «Ә»…

Марал 31 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Жақсыға құрмет, жас- жаранға міндет

Жаз бойы еңбектенген жер ананы сары алтындай жапырақтарымен көмкеріп, күз келді. Оқушыларсыз жетімсіріп тұрған мектеп есігін айқара ашып, сыңғырлатып қоңырауын соғып, еркін ойнап қалған балалар мен аз да болса балалардан…

Марал 417 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин