Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Коучинг сабақтар арқылы мұғалім тәжірибесіндегі жаңашылдыққа бетбұрыс

Bilimger Media
2 мин оқу 878 оқылым

Жас ұрпаққа  білім беру ,оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп  тәрбиелеу - әр ұстаздың,әр мектептің міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім  беру саласында  елеулі  өзгерістер  өрістеуде. Бұл жерде бүгінгі білім беру жүйесіндегі «үйрену мен үйрету тек өзара  белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады » және тек «әрекеттесу арқылы ғана үйренуге ,үйретуге болады»  деген мәселелерді басты назарға алуға болады деген ойды толықтай қолдаймын.

Коучинг-бұл тиімділікті барынша арттыру мақсатында адам мүмкіндіктерін ашу. Коучинг үйретпейді,үйренуге көмектеседі. Жаңашыл педагогтарды толғандыратын сұрақтардың бірі-оқушылардың қызығушылығын ояту,оның сыни тұрғыдан шығармашылық  ойлауын, өмірде қолдана алатын дағдыларын дамыту.Мектеп мұғалімдерінің тәжірибелеріне осы  бағдарламаның  жетістігі мен жеті модулін ықпалдастыруына көмек көрсету мақсатында  коучинг сабақтар өтудің маңызы зор.  Коучинг  барысында  мұғалімдер идеямен бөліседі, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім  өз жұмысының жекелеген  салаларын жетілдіреді, алған кәсіби білімдерімен , игерген дағдыларымен тәжірибелерін бөлісе отырып ,жетістікке жететінін білуіміз керек.Сол себептенде коучинг сабақтарын өту –бүгінгі күннің талабы деп түсінуіміз керек. Коучингтен алған білімдерімізді сабақ кезінде толық пайдалануға мүмкіндіктер көп.Бірақ тиімді жағын  ойлауымыз керек.Әсіресе , оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту жолдарына көбірек көңіл бөліп, жұмыс жүргізу керек  деп ойлаймын. Мұғалімдер сабақ үстінде  дарынды  оқушылардың  таланты әр салада әр түрлі екенін ескеріп , сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дұрыс дамуына бағыт береді.Сын  тұрғысынан ойлау модулі арқылы іс-әрекеттің жаңа немесе түрленген тәсілдерін енгізу, баламалы шешімдер қабылдау және де бір нәрсенің екі жағын қарастыра алатын ойлар туындатуына түрткі болу керек. Осы шешімдерді қабылдау,  ойларды дәлелдеу үшін екі немесе бірнеше адамдарды  қатыстыра отырып ,әркімнің ойы өзінше құнды екенін түсіндіру  қажеттілігі туындайды.

Нәтижесінде  топтық жұмыста  жекелеген мүшелердің  қабілеті мен тапсырмаға  қосқан үлесін құрметтеу керектігін және топта жұмыс істегенде  әр топ жұмыс істеудің басқа тәсілін ұсынатынын байқап ,бұны  жетістік ретінде  бағаласа  белсенділік артады деген ойдамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым