Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Көше

Bilimger Media
2 мин оқу 38 оқылым

Өмірді біз қаншама дүниеге теңедік.Сырлары ашылмаған кітапқа,кілті табылмаған есіктерге,сан-түрлі кейіпкерлері бар кинофильмгеде теңедік.
Бүгін мен өз өмірімді алыс сапарға теңегім келіп тұр.Нақты барар жері белгіленбеген ұзақ сапар.Бұл қызықты әлі әсерлі оқиға тек бізден басталып,бізбен аяқталады.Өзіміздің қалауымызбен сапардың жолы өзгеріп,бағыты жоғалады.Осы жасыма дейін көп жерге барыппын.Есте қалған естеліктер,үлкен бір қала секілді.Әр жерде бір оқиға,көшелер мен үйлер.Бәрі есте қалғандай.Өміріміз тек жарқын және көңілді естеліктерден тұрса ғой.Мұңайып,қайғырган сәттерім қараңғы көшелер секілді.
Түңгі уақытта келе жатырып,жолдың қай бағытқа кеткенін ұмытып бір орында тұрып қалдым.Алдымда шеті жоқ қараңғы көше.Тек бр ғана жарық,ол да маған түсіп тұр.Қап-қара түнекке ұзақ қараған сайын ішімді қорқыныш жеп барады Бұл жолдан басқа жанымда жап-жарық бір көше тұр.Жақындап қарағанымда,бергі жағы көзге жағымды болғанымен,жолдың жартысынан кейін ойыстармен тесік жолдар тұр.Тағы да қараңғы көшеге бет бұрдым. Бір жағынан «көшенің соңында не бар екен?», «Неге тек осы көшеге жарық түспеген?» деген ойлар туындай бастады.Өз-өзімді жеңіп бір-бірлеп қадам баса бастадым.Көзімді нық жұмып ішімнен,«Бұл жәй ғана сынақ,осы қараңғы көшеден берілмей өтіп шықсам,мүмкін нәтижесінде мені бір бақ күтіп тұрар»деп қайталай бердім.Әр қадам сайын жарық пайда бола бастады.Басында үлкен қорқынышқа баулаған көше жүрген сайын жап жарық болуда.Өз-өзімді қолыма ұстап әрі қарай жүре бердім.Қадам сайын пайда болған жарық,тек алдыма түсіп тұр.Артыма қарамай ұзақ жүре бердім.Тек жолдан тайып кетпейін,қорқып артқа оралмайыншы деп жолымды үзбедім.
Бір кезде артыма қарасам,қап-қараңғы.Бұл қара түнекті жалғыз өзім өтіп шықтым деп мақтаныш ұстап барады.Алғаш көргенімде өте алмаймын,қолымнан келмейді деп қиналып едім.Ендігі алдыма қарап тек әр қараның артында бір жарық көрінетіне көз жеткіздім.Көшенің соңында мені көпір күтіп тұр екен.Өте әдемі,баспалдақтары әсем гүлдермен әрленген.Көпірге көтерлгенімде биіктен өзім өтіп шыққан көшемді көрдім.Мен үшін шеті жоқ,ұзақ жол болып көрінген көше,негізінде өте кішкентай екен.Ол сынақтан өтіп шыққаныма қатты қуандым.Енді мені әсем көпір күтіп тұр.Басымнан кешкен қиындықтардан кейін,осы жолды бағалап өткім келеді.Әлі алда қандай көшелер мен жолдар тұрғанын білмеймін.Тек сапарым ұзаққа жалғасса екен деймін.Ол үшін тіпті қараңғы түнектен он рет өтуге дайынмын...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым