Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау

Оспанова Айгуль Балтабаевна
3 мин оқу 85 оқылым
Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Айгуль Балтабаевна
Пән/Сынып: Математика, 4-сынып
Қай аптаның нешінші сабағы ІІ апта, 6-сабақ
Тарау немесе бөлім атауы: 1(А)-БӨЛІМ  КӨПТАҢБАЛЫ САНДАР НУМЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН АМАЛДАР ОРЫНДАУ
Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау
Оқу мақсаты: 4.1.2.5 Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау; микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу
Бағалау критерийі: Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде қосады және азайтады

Микрокалькуляторды қолданып есептейді

Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты Кезеңдері Тапсырма Тапсырманың мақсаты Бағалау Ресурстар
1 минут Ұйымдастыру -Сәлеметсіз бе?

«Төрт сурет бір сөз» әдісі арқылы бүгінгі сабағымызды бастайық...

Ненің суретін көріп тұрсыз?

абак, есепшот, арифмометр, калькулятор - есептеу құралдары:

- Ендеше, көптаңбалы сандарды калькулятордың көмегімен қосуды және азайтуды үйренесің.

Не меңгеретінін білу үшін   Презентация № 1бет

Презентация № 2бет

7-8 минут Жаңа сабақ 72 536 000 – 30 000 = 72 506 000 Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды ауызша азайту үшін, алдымен оларды кластарға бөліп аламыз. Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде азайтамыз.

72 536 985 + 96 730 852 түріндегі қосындының мәнін қалай тез есептеуге болады?

Үлкен сандармен орындалатын есептеулерді калькулятормен есептеген ыңғайлы. Калькулятор(лат. calculator – есептеуіш) – шағын есептеуіш құрылғы.   Бұл құрылғыларды қайдан көрдіңіз?

Қазіргі Қазақстан цифрлы Қазақстан. Барлық адамдар электронды техника жетістігін қажетті деңгейде меңгеріп отыр.

Ғалымдар бірнеше жыл бұрын Қазақстан халқының 15 жастан асқан тұрғындарының компьютерді меңгеру деңгейін анықтады.

- Сол уақытта барлығы қанша адам мәтінді редакциялауды, электрондық поштаны қолдануды меңгергенін есепте. Кестеден тағы қандай ақпараттарды алуыңа болады?

4 126 991 + 2 493 122 = 6 620 113 адам

Сол уақытта барлығы 6 620 113  адам мәтінді редакциялауды, электрондық поштаны қолдануды меңгерген екен.

4 126 991 + 2 493 122 + 2 207 635 = 8 827 748 адам жалпы компьютерді меңгерген.

-   Жарайсың! Қандай қиындық болды? Әрине еш қиындық болмады деп ойлаймын.

-   Калькулятор адамдардың жұмысын жеңілдетеді.

Жаңа тақырыпты меңгеру   Презентация № 3,4бет
8 минут Тәжірибе 1-тапсырма: Өрнектің мәнін ауызша есептеу тәсілін көрсете отырып шығар.

25 325 009 + 600 000 = 25 925 009  Алдымен кластарға бөліп алып, есептеуді орындаймыз.

 Өзіңді тексер

Жарайсың, көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосып, азайтуды орындай алдың

2-тапсырма: Калькулятордың көмегімен есептеңіз.

   Қашықтықтан оқу кезінде демеушілер мектеп үшін келесі заттарды сатып алды:

бағасы 120 360 тг принтер

бағасы 12 400 тг пернетақта

бағасы 48 000 тг колонка

бағасы 130 600 тг ноутбук

Демеушілік көмек барлығы қанша теңгеге жасалды?

    120 600 + 12 400 + 48 000 + 155 000  = 336 000 тг

Жауабы: Демеушілік көмек барлығы 336 000 теңгеге жасалды

-   Егер барлық ақшаға көп мөлшердегі құралдардың бірін сатып алу нұсқалары ұсынылса, онда қосу көбейтумен ауыстыруға бола ма?

        7 колонка алу керек болса 48 000 * 7 = 336 000 тг

Өзіңді тексер!

Жарайсың! Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай алдың деп ойлаймын.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру Бағалау критерийлерін ұсыну

Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде қосады және азайтады

Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындайды

Презентация № 5,6,7бет
3 минут Бекіту

Қосымша

Тапсырма  

Микрокалькулятордың көмегімен есепте.

5 363 + 2 6118 ∙ 16 – 9 530 + 890123 = 1 303 844

15312 : 24 + 736 914 – 638 413 + 438 ∙ 3 = 100 453

Өзіңді тексер!

-   көптаңбалы сандармен берілген амалдардың мәнін калькулятордың көмегімен есептедің

Мен .... Калькуляторды пайдалана отырып, көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай аламын

Бүгінгі сабақ бойынша пікірлеріңізді «СМС» жіберу арқылы білдіріңіздер

Сабағымыз аяқталды Сау болыңыздар

Тақырыпты меңгергенін анықтау Бағалау критерийлерін ұсыну

Микрокалькуляторды қолданып есептейді

Презентация № 8,9,10бет

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Оспанова Айгуль Балтабаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым