Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Консультациялық пункт: Ата-ана назарына

Орынбасарова Ақбаян Ғабитқызы
2 мин оқу 56 оқылым

“Балдырған” бөбекжайы” ЖБҚ МКҚК
Орынбасарова Ақбаян Ғабитқызы

Консультациялық пункт: Ата-ана назарына

Бала тәрбиесі қашан да маңызды тақырып. Отбасында бала тәрбиесі үшін ата-ана аз тер төкпейді. Оның тұлға болып қалыптасуы, өмірде өз орнын табуы әке мен ана үшін алдына қойған үлкен міндеті. Баланың туғаннан бастап дамуы, түрлі жағдайлар мен мәселелер кезінде ата-анасының қолдауы аса маңызды. Осы негізде мектеп жасына дейінгі  балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық пункт жұмыс істеуде. Еліміздің әр түкпірінде мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан ашылған консультациялық пункттер  ай сайын әлеуметтік желіге ата-аналар үшін кеңестерін беруде. Пункт мақсаты - балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

Сондай-ақ, консультациялық пункт өзіне бірнеше міндеттерді қамтиды. Олар:

-         мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ;

-        ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

-        ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді   анықтау және диагностикалау;

-        мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;

-        мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;

-        тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық  орнату болып табылады.

«Балдырған» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-ң жанынан ашылған консультациялық пункт 2024 – 2025 оқу жылының алғашқы айынан бастап өз жұмысын белсенді атқаруда. Консультациялық пункттің жылдық жоспарына сәйкес әр айда мамандар ата-аналар үшін кеңес беруде. Осыған орай:

  • Қыркүйек айында бөбекжай психологы А.Еламанова «Баланың үш жастағы дағдарысы» тақырыбында;
  • Қазан айында бөбекжай логопеді Э.Дестанбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында;
  • Қараша айында дене тәрбиесі маманы Г.Тулесинова «Отбасында салауатты өмір салты дағдыларына тәрбиелеу» тақырыбында;
  • Желтоқсан айында бөбекжай мейірбикесі А.Аралова «Баласы жиі ауыратын аналардың назарына» тақырыбында кеңес жүргізді.

Алдағы уақыттарда да ата-аналар үшін кеңес жүргізіліп, бөбекжай әлеуметтік желісіне жарияланатын болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Орынбасарова Ақбаян Ғабитқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 295 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым