Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Маржан
2 мин оқу 84 оқылым

Нұр-Сұлтан қаласы, № 15 «Дарын» балабақшасының тәрбиешісі

Ақпанова Маржан Қанатқызы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Көңілді математика»

Мақсаты: 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету.  Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, топтық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қоланылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, сандар, үлестірмелі материалдар, Фребель жиынтығы, плакат, стакандар.

1.ҰОҚ барысы

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші: Балалар таңертең көзімізді ашып, терезеге қарасақ алдымен  нені көреміз? Әрейне күнді, күннің нұрын көреміз. Ендеше барлығымыз қуанып бүгінгі күнді қарсы алайық. 

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан әр күнге.

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы, көңілді өтсін, орнымызға отырайық.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, біз математика негіздері оқу қызметінде нені үйренеміз?

-1 ден 10 ға дейін санайықшы.

-Қандай пішіндерді білеміз?

Таңдану сәті: есік қағылады, есіктің артында сиқырлы сандықша тұрады.

-Балалар, қараңдаршы, бізге сиқырлы сандықша қалдырып кетіпті. Ішін ашып көрейікші. Ішінде қима суреттер мен хат бар екен.

Хат: балақайлар, мен білім патшасымын, сендердің математикадан алған білімдеріңді тексерейін деп әр бөлігінде бір тапсырма жазылған қима суреттер салып қойдым. Тапсырмаларды орындап, суретті құрастырыңдар. Бұл менің сендерге деген сыйлығым.  Ол сендерге өте қажет болады.

  1. Негізгі кезең

-І тапсырма: «Адасқан сандар»: балаларға сандар таратылады, балалар оны ретімен қойып, тура және кері санайды, көршілерін атайды.

-ІІ тапсырма: «Кім жылдам»: балаларды, 3 топқа бөлеміз. Әр топқа плакат пен сандар жазылған стакандар беріледі. Плакатта берілген заттар саны мен стаканда жазылған сандарды сәйкестендіріп орналастырад

-ІІІ тапсырма: «Көңілді пішіндер»: алдымен барлығы бірге пішіндерді қайталайды. Әр балаға пішіндер таратылады.

  1. «Түн» дегенде балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші пішіндердің тақтаға ретін ауыстырып орналастырды. «Күн» дегенде көздерін ашып алдыларында жатқан пішіндерді тақтадағыдай етіп орналастырады.
  2. Балалар пішіндердің ретін естеріне сақтайды. Балалар көздерін жұмғанда, тәрбиеші пішіндерді алып тастайды, балалар естеріне сақтап пішіндерді ретімен орналастырады.

-ІV тапсырма:  «Үйін тап»: Тақтаға 4 үйдің суреті ілінеді, әр балаға бір бір пішін таратылады. Балалар, тәрбиеші берген бағытпен пішінддерді үйлеріне орналастыру керек. Мысалы: оң жатағы үйге көк түсті шаршыны орналастырамыз. Жоғарыдағы үйге сары түсті дөңгелектерді орналастырамыз т.с.с.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Біз шынығып алайық

  1. Рефлексия.

-Балалар әр тапсырма орындағанда берілген суреттерді құрастырады. Суретте білім кілті бейнеленеді.

-Балалар біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?

-Сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіңдер. Жарайсыңдар!

Авторы
Ақпанова Маржан Қанатқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Маржан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

ҰСТАЗ ТАЛАПТЫ БОЛСА ШӘКІРТ ТАЛАПТЫ БОЛАР

Эсседе балабақша тәрбиешісінің бала тәрбиесіндегі рөлі, ұстазға қажет қасиеттері мен жас ұрпақ алдындағы жауапкершілігі сөз болады.

Маржан 2 мин 62 оқылым
Ағылшын тілі

Weather and climate

Weather and climate» тақырыбындағы 5-сыныпқа арналған ағылшын тілі сабағында ауа райына қатысты сөздер, сұрақ-жауап және мәтінмен жұмыс тапсырмалары ұсынылған.

Маржан 4 мин 322 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 875 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым