Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Компьютер әлемі"

Айтбаева Карлыгаш
3 мин оқу 382 оқылым

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ақпараттандыру
Тақырыбы: «Компьютер әлемі»
Мақсаты: Балалардың компьютер туралы түсініктерін кеңейту. Комьютердің құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Қызықты тапсырмаларды орындай отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын толық жеткізіп, тапқырлығын арттыру. Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін , «Paint» графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу туралы білімдерін дамытып, жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін пайдалана отырып, бала денсаулығын жақсарту.
Көрнекі құралдар: Проектор, компьютер құрылғыларының суреттері, қауіпсіздік ережесінің суреттері,массажды доптар
Әдіс - тәсілдер: Тақпақтар, ойын, сұрақтар

Мұғалім:Салеметсіздерма балалар.
Балалар: Салеметсізбе
Мұғалім:Қане, балалар көңіл-күйіміз көтеріңкі болуы үшін шаттық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
Мұғалім:
- Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды компьютер арқылы орындаймыз. Бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болғалы тұр. Ал енді балалар менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма?
Балалар:
- Ия дайынбыз.
Мұғалім:
- Балалар кім айтады комьютермен не істеуге болады.
Балалар:
- Компьютермен сурет салуға, жазуға, мультик көруге музыка тыңдауға болады.
Мұғалім:
- Осы компьютер, жалпы есептеу құрылғысы пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеуді жүргізген. Бұл үшін адамдар нелерді пайдаланған.
Балалар:
- Қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды,жіптерге түйілген түйіншіктермен есептеді.
Мұғалім:
- Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар. Енді алдымызда тұрған жіптерді алып, түйілген түйіншіктер жасаймыз.
/Балалар орындарында отырып тапсырма орындайды./
Мұғалім:
- Жарайсыңдар балалар.
Ойын:«Дәмін сезу арқылы ажырат»
Шарты:Балалардың көздерін жұмып, көкөністер мен жемістерді таратып, сипап сезу арқылы кімде қандай көкөніс немесе жемістің бар екенін айтып, компьютерге отырып көкөністерді бір себетке, жемістерді бір себетке орналастырамыз.
/Балалар көздерін жұмып жарты шеңберге тұрады. Ағаштарға түйрелген көкөністер және жемістерден дәм татады./
Мұғалім:
- Келесі тапсырмамызды компьютерде орындайтын болғандықтан, комьютердің қауіпсіздік ережелерін айтып кетейікші.
Балалар:
- Компьютерде денемізді тік ұстап отыруымыз керек
- Монитордан қашық отыруымыз керек
- Монитордың бетін ұстауға болмайды
- Токтарды ұстауға болмайды.
Мұғалім:
- Жарайсыңдар өте жақсы. Компьютерге отырамыз. Халаттарымызды киеміз. Компьютерді іске қосамыз. «Paint» графикалық редакторын ашамыз. Бәрімізде компьютеріміз жұмыс жасауға дайын болса, мені мұқият тыңдаймыз.
Компьютермен жұмыс:
1-тапсырма. «Биік және аласа үйлерді салу».
Мұғалім:
- Үйдің шатыры, қабырғасы, терезесі, есігі болу керек және олар қалаған түске боялуы керек.
Тапсырманы қорытындылау
2-тапсырма. Танграм
Мұғалім:
- Алдарыңда терезе ашық тұр. Сол терезеде танграм суреті бар. Осы үлгіге қарап, шашылып жатқан геометриялық пішіндерді құрастырамы
Тапсырманы қорытындылау

Мұғалім:
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Комьютерде отырып шаршап қалған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрайық көз, саусақ жаттығуларын орындайық.
Көз жаттығуы: Проектордан
Қозғалыста жүрген геометриялық пішіндерге қарау арқылы көз жаттығуын орындау.

Саусақ жаттығуы:
Массажды доппен жасалады.
Мұғалім:
- Өте жақсы. Көзімізге саусақтарымзға жаттығу жасап болсақ, орнымызға жайғасайық. Келесі тапсырмамызда пішіндерге байланысты болғалы тұр.
3- тапсырма:
Ойын: «Суреттерді боя»
Шарты:Геометриялық пішіндерден үй тұрғызылған. Осы үйлерді үлгіге қарап боямыз.
Мұғалім:
- Өте жақсы жарайсыңдар балалар. Келесі тапсырмамыз сандарға байланысты болғалы отыр.
4-тапсырма:
Ойын: «Тура жәнекеріжаз»
Шарты:Қылқаламмен сандардытура және кері жазыпшығу
Мұғалім:
- Өте жақсы жарайсыңдар. Тапсырмалардың барлығын мен ойлағандай орындап шықтыңдар. Енді компьютерді сөндіріп, халатымызды шешіп, орнымыздан тұрамыз.
Балалар:
Саусақ жаттығуы.
Құстар, құстар ұшады,
Қанаттарын қағады.
Ағаштарға қонақтап,
Тыныштықты бағады.

Көз жаттығуы. Проектордан
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.
Мұғалім:
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде қандай тапсырмалар орындадық.
Балалар:
-Үйдің суретін салдық, боядық. Танграм құрастырдық.
Мұғалім:
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерде не ұнады.
Балалардың жауабы.
Мұғалім:
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет. Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айтбаева Карлыгаш

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 337 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 96 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым