Мазмұнға өту

"Көктем" сөйлеуді дамыту оқу-қызметінде логикалық және сөздік ойындар мен жаттығуларды қолдану

Самылтырова Сауле Кабдолдановна 3 мин оқу 443 оқылым

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

Тәрбиеші

Самылтырова Сауле Кабдолдановна

«Көктем»

Мазмұны: Көктем туралы түсініктерін кеңейту, тілін, ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Көрнекілік құралдары: ән-күй «Құстар әуендері», логикалық ойындар мен жаттығулар, суреттер.

Сабақ барысы.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін көп қонақтар келіпті. Оларды, құрметтеп қарсы алайық.

Қуан шаттан, қуан шаттан

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Қуанатын күн, бүгін!

Релоксация. Ән-күй «Құстар әуені».

  • Көктем келді қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен,

Келді көктем қызыл-жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

  • Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған?
  • Көктем туралы.
  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем.
  • Көктем ерекшелігі неде?
  • Қар еріді, күн жылынды, құстар ұшып келеді, алғашқы гүл бәйшешек шықты.
  • Көктемнің айлары қалай аталады?
  • Наурыз, сәуір, мамыр.
  • Көктем мезгіліне нелер қуанады?
  • Құстар.

Көктемнің қонаққа келуі.

Т: - Көктем бізге жай келген жоқ. Ол бізге өзінің сыйлығымен және тапсырмаларымен келіпті. Сыйлығын сабақтың аяғында, сендерге сыйлайды және кімнің отырып жауап бергенін көреді.

  • Ал, енді бірінші тапсырманы көрейік. «Мен бастайын, сен аяқта»

Қыс кетті, көктем .... (келді)

Қыс суық, көктем .... (жылы)

Қыста тон киеміз, көктемде .... (күртеше)

Көктемде .... (қар ериді)

Көктемде .... (құстар ұшып келеді)

Көктемде, ағаштар бүршік .... (жарды, шашты)

Т: - Көктемде, жарқырап шуағын шашатын, ол не? – Күн.

  • Дұрыс, бірақ қараңдаршы, біздің күніміз көңілсіз. Күннің көңілін көтерейік.

«Күн ерекшелігі» ойын.

  • Балалар, күн қандай?
  • Мейірімді, шуақты, шұғылалы, әдемі, сулы, алтын, жарық, көңілді т.б.
  • Балалар, күн қандай болады?
  • Күн жарқырап, жылы шуағын шашып, көңілін көтеріледі.

«Жақсы іс-әрекет». Көктем келді, бірақ ағаштар құрғап тұр. Ағаш көктеу үшін, мен білемін не істеу керегін. Қазір, біз қандай жақсы іс-әрекет жасау керегін айтып,  бір-бірін жапырақтан жабыстырамыз.  Мысалы: мен көп гүлдер отырғызып, қоқсықтарды жинаймын.  (Балалар, жақсы сөздер айтып, ағашқа жапырақтар жабыстырады).

«Сергіту сәті»   - Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

«Дыбыстармен ойын»

- Ал енді, біз серуенге шықтық, күннің көзін бұлт басып, қатты жел соғады.  Кәне, біз бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық. – ууу-ууу-ууу.

- Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды.  Жапырақтар жел соққанда, қандай дыбыс шығарады? –шшш-шшш-шшш.

- Жел басылып, күн шығады. Сол кезде көңілденіп қоңыз ұшады. Ол қандай дыбыс шығарады? –жжж-жжж-жжж.

- Маса ұшып келеді. –ззз-ззз-ззз.

«Буынұйқастар»

- Ра-ра-ра-ұшып жүр ара.

- ар-ар-ар – дала толы қар.

- ры-ры-ры – жапырақтар сыры.

- са-са-са – ызыңдайды маса.

- ша-ша-ша – шана.

- жа-жа-жа – жаға.

- ла-ла-ла – бала.

- су-су-су – ақ су.

«Жекеше-көпше».

Қар-қарлар, күн-күндер, ағаш-ағаштар, гүл-гүлдер, құс-құстар, т.б.

Сурет бойынша әңгіме «Көктем», «Ит пен мысық».

Ойын «Егер, мен...»

«Артық сөзді тап»

  • Қолтырауын – жасыл, тісі дәу, мейірімді.
  • Піл – үлкен, құлағы дәуғ күшті, басында мүйізі бар.
  • Су сиыр – семіз, ауыр, шөп жейді, мұрны ұзын.

«Әрі қарай не болды?»

Қолтырауын аузын ашқанда,..... (барлығы азу тістерін көрді).

Керік көбелекті көрді,.... (оған қатты ұнады).

Аңшылар, аюдың қонжғын тауып алды,..... (тамақ беріп, енесіне жіберді).

Ойын «Көктем мезгілі»

- Барлық жыл мезгілінің ерекшеліктері, фланелеграфта ілініп тұр, артығын мезгілін құрастыру.

Логикалық ойындар.

- Бөлмеде, қара мысық жүгіріп жүріп ұнға түсіп қалыпты.  Бір уақытта ақ мысық пайда болды. Ол қайдан шықты?

- Жазда шаңғымен ойнауға бол ма? Неге?

- Таяқ, ағаштан қандай айырмашылығы бар?

- Неге көктемде, өзенде мұздар тұрмайды?

- Қаша артында төрт қоянның құлағы көрініп тұр. Неше қоян тұр?

- Әкесі, баласына балмұздақ сатып алды, қалтасына салып қойып, ұмытып қалыпты. Біраз уақыттан кейін қараса жоқ, неге?

Сабақты қорытындылау. Көктемнің сыйлығы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Самылтырова Сауле Кабдолдановна

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Көктем" сөйлеуді дамыту оқу-қызметінде логикалық және сөздік ойындар мен жаттығуларды қолдану

«Көктем» Мазмұны: Көктем туралы түсініктерін кеңейту, тілін, ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Көрнекілік құралдары: ән-күй «Құстар әуендері», логикалық ойындар мен…

Самылтырова Сауле Кабдолдановна 350 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин