Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кітапханашы мамандығының қыр-сыры.

Victoriya Lee
3 мин оқу 27 оқылым

«Жамбыл Жабаев» атындағы қалалықжасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Фариза Болатқызымен сұхбат.

-Фариза ханым, осы мамандыққа калай келдіңіз және қанша уақыт алды?

-Кітапханашы болу баяғыдан арманым, шын мәнінде, бұл кітапханаға кітапханашы болып келгендегі мақсатым ол ақшада, материалдық тұрғыда емес, кітаптардың ортасында жүріп жұмыс жасасам деген ниетім болды және бұған мен айтарлықтай бір көп уақыт дайындалмадым, бар-жоғы үш аптаның көлемінде тәжірбиеден өтіп, осы кітапханаға келіп, бүгінгі таңда кітапханашы болып жұмыс атқарудамын.

-Кітапханашы мамандығына келуіңізбен өміріңіз қандай бағытқа өзгерді және тұлғалық қандай қырлар ашылды?

-Әрине, барлық өмірдегі жағдайлар ол жақсы бағытта ғана әсер етеді адамға, не дегенмен прогресс болады. Кітапханашы мамандығына келгеннен кейінгі өмірімде өзгерген тұлғалық қасиеттер өте көп. Бұрында мен қандай кітап оқырман арасында сұранысқа ие екендігін білмесем, соңғы бір жылдықта қандай кітаптың жалпы жастарға қалай әсер ететіні, үлкендер қатары, жасөспірімдер қатары қандай кітаппен әуестенетіндігін, жалпы рухани дамуға қандай кітаптар әсер ететінін білдім.

-Сіздің осы жұмысыңыз несімен қызықты деп ойлайсыз, мысалы, әдеттен тыс ыңғайсыз, күлкілі жағдайлар болды ма сізде?

-Менің жұмысым адамдармен коммуникация.Әртүрлі адамдар келеді: шетелдік азаматтар, білімі,IQ-ы өте жоғары азаматтар және олармен сөйлесу қызықты әрі пайдалы. Енді кітапханадағы ыңғайсыз, бірақ, қызықты жәйт, бізде кітаптардың қауіпсіздігі үшін оқырмандар арасында сырт киімді өткізу міндет болып табылады ғой, оны біледі келіп жүргендер. Бірде бір қыз оқырман келіп, есімін әлі білемін, Жанна деген 19 жасар қыз кетіп бара жатыр да залға қарай, сосын мен айқайлаймын ғой “Оқырман! Сырт киіміңізді шешіңіз!” дегеннің орнына, “Іш киіміңізді шешіңіз!” (күліп) деп.

- Қызметіңіздің барысында қанша кітап оқып үлгердіңіз?

- Мен кітапханада қазір жұмыс істегеніме тура бір жыл болады алдағы аптада. Жалпы кітапханаға дейінгіні қоспағанда мен күніне шамамен елу-алпыс бет, сонда ол дегеніміз екі аптада үш кітап оқимын. Сабағыма байланысты бірде оқуға мүмкіндік болады, бірде болмайды. Бәлкім, жүзге сәл жетіңкіремейтін шығар.

-2022 жылда кітапханаға не үшін бару керек деп ойлайсыз? Қазіргі заманда технологияның көмегімен үйде отырып-ақ кітап оқи аламыз, мысалы, сіздің бұл туралы ойыңыз қандай?

-Кітапхана ол қай заманда болмасын актуалды болып қалады, себебі, біздің үйіміз ол біз үшін комфорт, ал комфорт өмірден шығу маңызды. Шынымды айтсам, өз басым үйде отырып кітап оқи алмаймын. Тамақ ішіп кетуім, ұйықтап қалуым мүмкін, алайда, кітапқа деген қанша махаббатым болса да, оқуға құмарлығым артпайды. Ал кітапханада достарың бар, орта болады, біреудің прогрессін көрген адам, өзі де үнемі алға ұмтылатын болады.

Кітапханаға 2022 жылда келудің тағы бір себебі, мені соңғы үш-төрт күн бойы мазалап жүрген мәселе – тіл мәселесі. Қазақ тілінің мәселесі. Біз сөйлем ішіне паразит сөздерді тым көп қосамыз.Алайда, қазір елімізде болып жатқан жағдай бір дүрбелең нәрсенің басы ма деп ойлап қоямын. Өйткені, орыс тілді қазақ тілін үйренушілер саны кітапханада артып келеді. Осы себеппен бүгінгі күнде кітапханаға бару керек деп ойлаймын.

Айта кетсем, осы себеппен біздің кітапханамыздан жоғары жаққа қарай қазақ тілі грамматикасы туралы кітаптарды көбейту жайлы ұсыныстар түсіп жатыр.

-Өте керемет, осы тақырыпқа байланысты сұрағым бар еді. Кітапханада белгілі бір әдеби ұйымдар бар ма әлде жақын арада ашу ойларыңыз бар ма?

-Иә, бұны біз Жаңа Жылға дейін ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Алайда біраз талқыланатын мәселелер бар, мысалы, кітапханаға күніне 400-500 адам келеді, алайда тек 4-5 оқырман қызығуы мүмкін. Әр адамның талғамы әртүрлі екенін де ескеру қажет. Бәлкім, осы бір-екі айдың көлемінде ұйымдастырып қалармыз.

Сұхбаттасқан: Виктория Ли

«Тұран»университеті Журналистика 4 курс студенті

Жетекшісі: Рушанова Н.Б.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Victoriya Lee

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым