Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ

Bilimger Media
2 мин оқу 36 оқылым

КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ

ЕРКІНБЕК БАЙБАҚОВ - Ж.СҮЛЕЙМЕНОВ ЖББМ ДИРЕКТОРЫ

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты, «Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Смадиярова Мадина ұстазымыздың ұйымдастыруымен "ЗЕРЕК ОҚЫРМАН" кітап оқу бәйгесі өткізілді. Кітап оқу бәйгесі балалар жазушысы, Алматы облыстық "Полиграфия" өндірістік бірлестігінде "газет" баспасының директоры, республикалық жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі, "Әл-Фараби" баспасының, "Құс жолы" баспасының директоры, "Ежелгі әдебиет", төменгі сынып оқушыларына арналған қосымша оқулық кітаптарының авторы Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының «Тентектер» кітабын оқу тапсырылды. Бәйгенің негізгі мақсаты: «Бір ел, бір кітап» акциясы негізге ала отырып, оқушылардың кітап оқу, рухани дамуы, білімдерін тереңдету, ойлау қабілетін шыңдау, өрістерін дамыту, жазушылардың шығармаларын насихаттау. Мектебіміздің 50 оқушысы, оның ішінде 4 сынып пен 10 сыныптар аралығындағы оқушылар бір ай көлемінде кітапты оқып шықты. Оқушылар өздерінің зеректігін, кітапқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Бір айдан соң, "ЗЕРЕК ОҚЫРМАН" кітап оқу бәйгесін қорытындыланып, оқушылардан шығарманың мазмұны сұралды. Онда оқушылардың білім деңгейлерін анықтау барысында тест алынып, «Бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Бәйге қорытындысы бойынша: «Бас жүлде» М.Әуезовтің «Абай жолы» романы 1,2,3,4 том жинағы, - 6 "Ә" сынып оқушысы Балтабай Ғалым иеленіп, табысталды. І – орын «Абай өлеңдер мен шығармаларының жинағы» 1,2 том жинағы - 6 "А"сынып оқушысы Молдатайыр Дианаға табысталды. ІІ орын «Абай өлеңдер мен шығармаларының жинағы» 1,2 том жинағы - 4 "Ә" сынып оқушысы Тағайхан Аңсағанға табысталды. ІІІ орын І.Есенберлиннің«Көшпенділер» романы 1,2,3 том жинағы, 9 "Ә" сынып оқушысы Балтабай Ұлжалғасқа табысталды. Бәйге барысында зеректігін көрсеткен 20 оқушы Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы драма театрына жолдама алып, театрдағы «Абай» спектаклін көріп тамашалап қайтты. Бәйгеге қатысқан барлық 50 оқушыларымыз бағалы кітаптармен, жүлделі, бағалы сыйлықтармен мараппатталды. "ЗЕРЕК ОҚЫРМАН" кітап оқу бәйгесі өте жоғары дәрежеде өткізілді. Сонымен қатар мектеп кітапханасына 30 ден астам кітаптар сыйлыққа берілді. Осы бәйгеге демеушілік көрсеткен Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Ағамыздың ісі көпке үлгі болары сөзсіз. Мектеп тарапынан, мектеп шәкірттері атынан мың алғыс айтамыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым