Мазмұнға өту

Кім орманда тұрады?

Косыбаева Айнур Нургалиевна 3 мин оқу 781 оқылым

Косыбаева Айнур Нургалиевна

Мақсаты: Жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру.

Білімділік: Аталған жабайы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін нақтылау.

Дамытушылық: Ұсақ моторикасын дамыту, сұрақ қою арқылы қиялдарын, сөйлеу белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Аңдарға, табиғатқа деген сүйіспеншіліккке тәрбиелеу.

Қостілдік: Орман-лес, қоян-заяц, қасқыр-волк, түлкі-лиса, кірпі- ежик, тиін-белка, аю-медведь.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Қайырлы таң балалар.

Сәлеметсіңдерме? Құрметті,қонақтар! Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақ. Кәнекей бәріміз орнымызға отырайық.(Табиғат туралы әуен ойналады).

Тәрбиеші орман туралы өлең оқиды.

Қалың қалай, ну орман?

Қалың орман, қара орман.

Сенде құпия жетеді,

Ертегімен ғажайыптар мекені!

Түпкірінде көп жасырын асылын:

Қандай аң бар жасырын?

Соның бәрін жасырмай айт ақырын.

Досымыз деп орманның,

Біз қалайық мақтанып.

Балалар осы өлең жолдарында не жайында айтылған?

Балалар: Орман туралы айтылған.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса балалар орман құрастырсақ қайтеді?

(Балалар шыршаларды орын-орнына қойып орман құрастырады).

Балалар сендер осы құрастырған орманымыздан қандай шыршалар көріп тұрсыңдар?

Балалар: Биік, аласа

Ал шыршалардың түстері қандай?

Балалар: Жасыл

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын.

Сендер мұқият тыңдаңдар.

1.Қорбаңдап өзі жүреді.

Тәттіні жақсы көреді.

Ол не? (Аю)

2.Өзі қу жүрген жері айқай шу   (Түлкі)

3.Құлағы ұзын,өзі қорқақ, көзі қыли,

Бұл қай аң?                                 (Қоян)

4.Кіп-кішкентай бойы бар,

Тікенек-тікенек тоны бар.         (Кірпі)

5.Ағаштың басын мекендейді,

Жаңғақты шағып жейді.

Бұл қай аң?                                  (Тиін)

Аю, түлкі, қасқыр, қоян, тиін, кірпі бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

- Балалар:  Жабайы жануарлар деп атаймыз.

- Жабайы жануарлар қайда мекендейді?

- Балалар: Орманда  мекендейді.

- Ал біз сендермен қайда тұрамыз?

- Балалар: Үйде тұрамыз.

Тәрбиеші: Міне әр аңның да өз үйлері бар екен? Кәнеки сиқырлы тақтаға назар аударайық. Аңдарға өз үйін табуға көмектесейік.

Аю-апанында.

Қасқыр-інінде.

Тиін-ағаштың дінінде.

Жарайсыңдар дұрыс таптыңдар.

Балалар осы аңдардың баласы адасып кетіпті.Оларға аналарын табуға көмектесейік.

Қонжықтың анасы-аю.

Бөлтіріктің анасы-қасқыр.

Жәутіктің анасы- түлкі.

Көжектің анасы-қоян.

Балалар қалай ойлайсыңдар қыста аңдар неге тоңбайды?

Қалай ойлайсыңдар.

Олардың терілері қалың, жұмсақ денелерін жылытады.

Ал осы аңдардың қыста тондары қандай түске өзгеретінін білесіңдерме?

Аю- қоңыр түске

Қасқыр- сұр түске

Түлкі- қызғылт сары

Тиін- сұрғылт

Қоян- ақ.

Өте жақсы , балалар сендер жақсы жауап бердіңдер.

Балалар сендермен қызықты ойын ойнайық.(Ойынның аты құйрығына қарап аңдарды ата).

Сиқырлы тақтамыға зер сала қарап, қай аңның құйрығы екенін тауып ажыратыңдар.

Ал енді бойымызды сергітіп жаттығу жасап алайық.

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Тәрбиеші: Балалар, аңдар немен қоректенеді?

Балалар: Олар өз бетінше тамағын тауып жейді.

Аю нені жақсы көреді?

Балалар: Балды жақсы көреді.

- Ал қоян ше?

Балалар: Қоян сәбіз жейді.

- Балалар қоян ешқандай қорек таба алмапты, қарны аш екен.

Қоян: Балалар, қыста аық табу қиынға соғады. Маған сәбіз табуға көмектесесіңдер ме?

- Балалар, қоянға көмектесеміз бе?

Кәнекей біз сәбіздер сыйлайықшы.

Олай болса орнымызға барып, қиылған сәбіздерді қағаз бетіне жабыстырайық.

Тәрбиеші жабыстыру әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Балалар орындайды.

Саусаққа арналған жаттығуларды жасатады.

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнап.

Тәрбиеші:Балалар сендерге қоян рахметін айтып жәнеде сыйлық жасапты, сыйлығын осы жерге жасырып кетіпті.

Кәне бәріміз іздеп тауып алайық.

Балалар тауып алып қуанады.

Қорытынды:

1.Балалар, орманда нелер тұрады екен?

2.Аңдар немен қоректенеді?

3.Біз қоянға не сыйладық?

4.Балалар орманды, аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, тиін орыс тілінде қалай аталады?

Жарайсыңдар балалар!

Олай болса орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.

Орнымыздан тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болыңыз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Косыбаева Айнур Нургалиевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин