Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 63 оқылым
Мұғалімнің аты-жөні: Алтынбекова
 
Пән/Сынып:2 Сынып сағаты
Күні 8.11
Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар «5,7» сандарының мағынасы
Оқу мақсаты: Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру.  Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету.

Жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеуге тәрбиелей отырып, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.  Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындау.

Кезеңдері Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін ұстанғандардын бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.

Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Әр санның өзінің ерекше қасиеті бар.

Мадақтау

Ортасы Бес анық:

1. Тiл.      2. Дiн.    3. Тарих.    4. Дәстүр.   5. Ата мекен.

Бес пайғамбар патша болды:

1. Жүсіп. 2.Дәуіт. 3. Сүлеймен. 4. Ескендір Зұлқарнайын. 5. Мұхаммед.

.Бес нәрсе баянсыз:

1. Бұлттың көлеңкесі – баянсыз. 2. Еңбексіз келген байлық. 3. Қорқақтың достығы. 4. Жалған мадақ. 5. Опасыздың махаббаты – баянсыз.

Бес қару:

1.Қылыш.    2. Айбалта.  3. Шоқпар.    4. Найза.    5. Жар-садақ.

Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; Рулық, туыстық кесте.

Жеті атаның балаларын бір атаның балалары деп атайды.

Жеті ата − қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады:

ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

 Жеті жетекші:

1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/.

Жеті қазына:

1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Құмай  тазы.

 Жеті күн:

1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына   немесе

1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі /сәтті күн/
4. Бейсенбі
5. Жұма /қасиетті күн/
6. Сенбі
7. Жексенбі.

Жеті жұт:

1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,- демекші «5» санына да кезек келіпті

Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

ҚБ:

ҚБ:

Авторы
Алтынбекова Назгуль Муратовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым