Мазмұнға өту

Хылықтың ұстазы-“Мұғалім”

Аягөз Жеңісбекқызы 2 мин оқу 35 оқылым

Орындаған:Жеңісбекқызы Аягөз.

Тобы:102

Халықтың ұстазы-“Мұғалім”

Иә,тал бесіктен жер бесікке дейінгі аумақты қамтып жатқан қазақ даласының аталмыш хабаршысы бірден-бір газет пен журнал еді.Сонау қилы заманда қазаққа жол сілтеп,жарылқаушы бола білген бұл-Қазақ баспасөзі еді.

Баспасөз-бұл халықтың жанашыры десем қателеспегендігім.Себебі,қарайған қара халықтың көзін ашып,жаңа тың ақпараттармен бөлісіп отырған да осы- үлкен әріппен жазылуға лайықты “Қазақ Баспасөзі”еді.

Адамдардың санасына жаңа ашылымдар мен ақпараттарды жеткізе білген журналдар қаншама.Соның бірі және бірегейі “Мұғалім”журналын тілге тие кетпекпін.

“Мұғалім” тұңғыш қазақ-совет журналы.

Журнал бүкіл қазақ халқына, халық ағарту қызметкерлеріне арналды. Ол Ұлы Октябрь революциясының идеясын, Компартия мен Совет ұкіметінің ұлт саясатын насихаттады, Қазақстанда оқу - ағарту ісін жолға қою және ұлттық әдебиет пен мәдениетті өркендету жайларын әңгімеледі, педагогика мен тәлім тәрбие мәселелерін көтерді.Осындай айрықша журналдың редакторы: Ғабдолғазиз Мұсағалиев еді.

Заман талабындағы небір қиындықтарды жеңе білген журнал,ел тағдырына біршама үлесін қосты.Сол заманда ұлт тағдыры қыл үстінде тұрған шақта қыз баласының теңдігін айтып шырылдаған бірден-бір журнал осы.

Оған дәлел: З.Зұлқайыровтың “Құдалық”әңгімесінде қазақтың мәдениетін басқа елмен салыстыра кетеді.Онда”мәдениетті жұрттарда қыз бен жігіт бірін-бірі сүйіп қосылады,ал қазақта қалың малмен”деп өзінің ащы өкінішін білдіреді.”Кеңес өкіметі кезінде қалың мал жойылды,қыз бен әйелдерге шын бостандық берілді”,деп қорытындылайды.

Ал журналдың саяси бөлімінде “Қазақ халқының оқуы”деген мақалдарда бұрын “Қазақ өзінің балаларын орыс-қазақ мектебіне шын ықыласпен берсе,патша үкіметінің миссионерлері оларды христиан дініне кіруге зорлап,дін жолында тәрбиелейді”,-дей келіп автор:”Енді таң атып келеді,өнер-білімге жетеміз”,-деп жазды.

Менің ойымша,осыдан ақ журналдың ғылыми-педогогикалық және әдеби журнал екенін байқай аламыз.

Қорытындылай келе:заман талабының ащы шындығына негізделген журналдың мақалалары халыққа айтарлықтай ой сала білді деп ойлаймын.Осындай есімі өшпес ерен журналдардың сол заманда болғандығы ішімді жылыта түседі.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:”Мұғалім”журналы сол замандағы өзінің міндетін толық атқара білді.Өйткені баланы оқытуға,қазақ мәдениетіне,ілім-білімге,қыз бостандығына,оқу-ағарту мен жаңа жаңалықтарды жеткізуге негізделген журналдың еңбегі еш кетпеді деп сөзімді түйіндеймін.Сондықтан да қазақ баспасөзіндегі “Мұғалім”журналының аты айтып тұрғандай, халқына ұлағатты ұстаз бола білгеніне сенімдімін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Аягөз Жеңісбекқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Жаныңда жүр жақсы адам”

“Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ” журналистика факультетінің 2-курс студенті. “Жаныңда жүр жақсы адам” “Көп түсірсе,көл болар” деген мақаланы ұстанған қазіргі жастардың қарқыны жаман емес.Әр қазағын жалғызым деп көмек қолын…

Аягөз Жеңісбекқызы 40 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Халықтың ұстазы-“Мұғалім”

Орындаған:Жеңісбекқызы Аягөз. Тобы:102 Халықтың ұстазы-“Мұғалім” Иә,тал бесіктен жер бесікке дейінгі аумақты қамтып жатқан қазақ даласының аталмыш хабаршысы бірден-бір газет пен журнал еді.Сонау қилы заманда қазаққа…

Аягөз Жеңісбекқызы 30 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин