Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ХХІ ғасыр ұстазы қандай болмақ? /эссе/

Изенбаева Қырмызай Ермекбаевна
1 мин оқу 892 оқылым

Изенбаева Қырмызай Ермекбаевна

Қай кезеңде болмасын, бала-шәкірт бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға ұстаз болмақ. Қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақ тәрбиелеу. Әр адам, әр шәкірт өзінше бір әлем, жеке тұлға. Уақыт озған сайын, ұстаз иығындағы жүк те ауырлай түсуде. Бұл-уақыт заңдылығы, заман талабы.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Мемлекетіміздің жарқын болашағымен гүлденуі үшін қазіргі мектеп жағдайында мұғалім қандай болу керек? – деген заңды сұрақ туары сөзсіз.

Бүгінгі ұстаздардың басты борышы- ғасырлар бой қалыптасқан рухани  құндылықтарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру, білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру. Бұл- кезек күттірмес іс. Себебі, ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы,оқушы талабы күннен күнге өсуде.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен  қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген,балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық, пәнін қызықтырарлық жол іздейді. Сөйтіп, өмір талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірт сый-құрметіне бөленбек.

Ұстаз болуы,шәкірт тәрбиелеу-ұлы міндет. Адам баласын қараңғылықтан құтқарушы, айналасына адамгершілік, ізгілік нұрын шашушы ізгі жан, қоғам қайраты ұстаздың бар қуаты қасиетінде.  Сонда ғана ұстаз еңбегі шын мәнісінде бағаланбақ.

Заманның заңғар жазушысы Мағжан айтпақшы, «Мұғалімнің орны әруақытта төрде болуы керек» дегендей мұғалімнің мәртебесі әруақытта биік болуы керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Изенбаева Қырмызай Ермекбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым