Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Хатико:Ең адал дос

Толғанай
2 мин оқу 172 оқылым

«Хатико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog's Story) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады. Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.

Суретте әлемге әйгілі ит Хатико. Адамдардың адал досына айналған бұл ит 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туылғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Ал енді мына әңгімеге назар аударыңыздар. Егесі әр таң сайын жұмысқа кететін болған. Хатико өз егесін Сибуя бекетіне дейін шығарып салып жүрген. Сағат 15:00-де аталған бекетте егесін күтіп алады екен. Арада бір жыл өтсе де ит өз егесін күтпеген күні болмаған. Алайда 1925 жылдың мамыр айында Хидэсабуро Уэно жүрек талмасынан көз жұмады. Сол күні Хатико егесін көп күтеді, алайда егесі оралмайды. Туысқандары итті тастамай, уақытында тамақтандырып отырған. Хатико сонда да егесін күтуді тоқтатпай, күнделікті уақытында бекетке баратын болған. Итті сол жердегі теміржол жұмысшылары, сатушылар білген. Бұл адал дос туралы 7 жылдан соң 1932 жылы газет беттерінде мақала жарық көрді. Ит өмірінің соңына дейін Хидэсабуро Уэноны күткен. Осылай 1934 жылы өлген. Сол жылы тұрғындар Хатикоға арнап ескерткіш орнатты. Алайда соғыс кезінде ескерткіш қирап қалып, соғыстан кейін қайта тұрғызылған.

Мінекей осындай керемет оқиға әлі күнге дейін адамдардың жүрегін елжіретеді. Хатико тіпті  бүкіл адам баласында бола бермейтін қасиетке ие болды. Оның шыдамдылығы,табандылығы мен жүрегінің адалдығы біз үшін үлгі бола білді. Бұл фильмде мен нағыз достықты сезіне білдім . Менің  ойымша, қазіргі таңда бұл фильм жастарға үлгі болары анық.



Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Толғанай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

“Тілді сүю-тал бесіктен”

Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ана тілі туралы тәрбие сағатының жоспары. Тақпақтар, мақал-мәтелдер, ән, би және ою құрастыру ойыны қамтылған.

Толғанай 2 мин 65 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым