Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 324 оқылым

1937-1938 жылы басталған тарихта «Қызыл қырғын» деген атаумен қалған қырғынның алғашқы оты 1937 жылы Мәскеуде өткен БК(б)П ОК-де И.В. Сталин мен оның жақталастарының «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жою» нұсқауынан басталды. Нәтижесінде, зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, 103 мың адам тұтқындалып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілген. Атылғандардың қатарында Қазақстанның ғылым, мәдениет және саясат саласындағы зиялылары болған.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан қуылып, олардың 8544-не «халық жауы», «халық жауының сыбайласы» және т.б жалған айып тағылды. Сол кездегі қазақ халқының ұйытқысы болған Алаш партиясының қайраткерлерінің түгелге жуығы қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсық құдалау көруге мәжбүр болды. Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов сынды қазақ зиялыларының әйелдері мен қыздары АЛЖИР лагерінде азап шекті. Репрессияға ұшырағандардың туыстарына жұмысқа орналасу, мектепке бару қиын болды - олар қайда барса да, олардың артынан «әкесі Отанын сатқан» деген сөздер жүрді. Осы жылдар бойы заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағандардың балалары мен немерелері әділеттілік іздеді. Тек кейіннен ғана көпшілік аталары мен әкелерінің ащы тағдыры туралы білді.
1937-1938 жж. Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, Т.Жүргенов, С.Сафарбековтер «ұлттық фашизм» және тыңшылық жасады деп айыпталды. Мәдениет пен ғылымның ең көрнекті қайраткерлері де қуғын-сүргінге ұшырады – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Шанин, К.Кемеңгеров және тағы да басқалары. Оларға тағылған айып сандырақ болды, атап айтқанда, олар ауылшаруашылық дағдарысында, 1920-1930 жылдардағы көтерілістерде, Жапония барлау қызметімен байланыста, Қазақстанды бөліп алуға әрекет жасауда қатысы бар деп айыпталды.
Тұтқындарды темір торларда ұстады. Күн сайын саяси тұтқындарды бір-бірлеп «картоп қазуға» апарып отырды. Барлығы «далалық жұмыстардан» кейін ешкім оралмайтынын білді. «Картоп қазу» өлім жазасын білдірді. Оларды ұзақ уақыт бойы пікірлес адамдар ұйымының пайда болуынан қорқып, бір жерде ұстамады. Қазақстан территориясы үлкен лагерге айналды, республикада Дальний, Степлаг, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазғанлаг, Петропавловский, арнайы лагерь Кеңгір, Өскемен лагерлері құрылды. Олардың ішіндегі ең үлкені Карлаг - Қарағанды арнайы режимдегі лагері болды.
1937-1938 жыдардағы «Үлкен террордың» Сталиннің жеке дара билігін нығайту үшін ғана жасалғаны туралы оның сенімді серіктерінің бірі Л.Каганович 1980-ші жылдардың аяғында: «Олардың (репрессияға ұшырағандардың) бәрі де өкімет мүшелері болды ғой. Сондықтан олар қауіпті және оларды еркіндікте қалдыруға болмайтын» – деген сөзін айтты.
Міне, қазақ халқы өз басынан осындай опасыздықты кешірген. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды – Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу жылы, ал 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бүгінгі таңда, 31 мамыр күні жыл сайын Республика бойынша әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, ас беріледі.
Жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарына адал есімін қайтару үшін 70 жылдан астам уақыт қажет болды. Сол жылдардағы жаппай қуғын-сүргін туралы көптеген кітаптар жазылды, лагерь тозағынан өткен адамдардың естеліктері жарық көрді. Бірақ әлі күнге дейін зерттеушілер жаңа есімдерді атауда... Демек, бұл тарих парағы әлі жабылған жоқ.

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д.
А.Махсат, 1-курс студенті.

Авторы
Болат Сайлан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 109 оқылым