Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Кең дүние төсіңді аш, мен келемін!»

Nazerke
2 мин оқу 19 оқылым

Алматы облысы
Райымбек ауданы
Сарыжаз ауылы
«Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС

Тәрбиеші Молдабекова Назерке Төлеубайқызы
«Кең дүние төсіңді аш, мен келемін!»

«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына орай 2024 жылғы 1 мен 9 ақпан аралығында мектепке дейінгі ұйымдарда Мұқағали онкүндігі өткізілсін», - делінген бөлім басшысы С.Е.Умбеталиевтың 31.01.2024 жылғы №58 хатына сәйкес 01.02.2024 жылы «Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС шара бекітілді.
02.02.2024 жылы балабақшамызда ақын шығармашылығына шолу жасалып, топта бұрыш безендірілді.
https://www.instagram.com/p/C3NpWcNoKfZ/?igsh=MW1oYXNrNjBsZjM4eA==

Ақынның өмірі жайында видео көрсетілген соң ұжым мүшелерінің арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен өміріне шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтардан кішігірім сайыс өтті. «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», - дегендей ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін біз білмейтін біраз ақпаратқа қанық болдық.
https://www.instagram.com/p/C3NuQqEoCsr/?igsh=OGY4eTRiYTg0OG5w
05.02.2024 жылы ұжым мүшелері өз ортамызда көркем сөз оқудан сайысқа түсті. Әрқайсысы ақиық ақынның жан тебірентерлік шығармаларын ерекше сезіммен оқып, пікірлерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/C3N4ArCIfon/?igsh=cWh5d28xOG41bWps

06.02.2024 жылы ересек «Алақай» тобының бүлдіршіндері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып «Отан» тақырыбында сурет салып, байқау ұйымдастырды. Тақпақтары мнемокесте әдісімен беріліп, жаңартылған бағдарламаға сай жұмыстар жасалды.
https://www.instagram.com/p/C3N7IbeoINs/?igsh=bTgwMTM1cjN5dnpp

07.02.2024 жылы «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» ҰІӘ өтті. Ақиық ақынның сөзіне жазылған әндерімен балаларды таныстырып, балалар ерекше қызығушылықпен орындады. Көркем сөз оқуда тәрбиеленушілер қабілеттеріне қарай өлең шумақтарын жатқа айтты. Кіші топ бүлдіршіндері де аға-әпкелерінен қалыспай тілдерін жаттықтырып өлең жолдарын қайталап, тәтті кәмпиттерді сыйға алды.
https://www.instagram.com/reel/C3Of_-AoD3X/?igsh=MTZzdDRnZ2E2N3FweA==
https://www.instagram.com/p/C3OnKh2o7dA/?igsh=MWZtd2tpc3oxMGRuZg==

07.02.2024 жылы Мұқағали Мақатаев оқулары байқауына сұраныс жіберілді. Байқауға Есбол Манас, Дүйсенбек Гүлина, Әлдекен Айша, Кенжеғали Нұрали, Мақсат Алина «Көркем сөз» оқу номинациясы бойынша қатысты. https://www.instagram.com/p/C3Oo7VFoGey/?igsh=NGQ4azF5b2k2Nm1w
08.02.2024 жылы «Алақай» ересек тобы тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, ата-аналар болып Қарасаз ауылында орналасқан ақиық ақын Мұқағали Маақатаевтың мұражайына және туған өлкесінде орналасқан мұзтауға саяхат жасап қайттық.
https://www.instagram.com/p/C3Oy5KtIpXd/?igsh=MXUxZHIwOXl5MG1mYQ==

09.02.2024 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларын орындаудан балабақша ішілік отбасылық сайыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде Тұрағалды Даниялдың отбасына бас жүлде, ал Есбол Манас пен Рамазанның, Еркін Ақтөре мен Рамазанның, Әлдекен Айшаның, Өмірақын Мадина мен Марленнің отбасыларына І орын беріліп, «Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС құрылтайшысы тағайындаған арнайы сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/C3O0ORUIAhE/?igsh=MTdiOHNjeHIydXJ3OA==
https://www.instagram.com/reel/C3O0j_docyQ/?igsh=Zm9vdWxkb2RoNXky
https://www.instagram.com/reel/C3O0sz5o0Yp/?igsh=MXZkeTN0cG9kMHlieA==
https://www.instagram.com/reel/C3O1KVsowsY/?igsh=MW16eWZsOTJkNmo3Zg==
https://www.instagram.com/reel/C3O04lyopOa/?igsh=ZnJtenRnbjU4aGxo
Балаларымызды ұлттық құндылықты дәріптеуге, рухани азық алуға тәрбиелеп жатқан балабақша ұжымына алғыс айтамыз. Балаларымызды тек биіктерден көре берейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Nazerke

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым