Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кедей сөзі» (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының газеті)

Автор

Erbol Medetbekuly
2 мин оқу 51 оқылым

Қазақ баспасөзінің тарихының басында тұрған басылымдардың бірі – 1920 жылдың ақпанынан бастап Омбы қаласында жарық көре бастаған «Кедей сөзі» газеті қазақ еңбекшілерінің сауатын ашып, сана-сезімін оятуды мақсат тұтқан бірден бір газет.

Төте жазумен басылған мақалаларды кириллицаға аударумен айналысып жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын Тайшыбай газет 1920 жылы ақпанда Ресей коммунистік /большевиктік/ партиясы Сібір бюросы мен Ақмола губерниялық революциялық комитетінің органы ретінде Омбы қаласында шығып тұрғанын, қазақтың ұлттық баспасөзі тарихында өзіндік орны бар екенін жеткізді. Тұңғыш редакторы – Мұқан Айтпенов. Сосын Бородихин жетекшілік етіп, Әйтиев, Телжанов, Тоқжанов, Жұмабаев, Серкебаев алқа мүшелері, тұрақты қызметкерлері болған. «Егемен Қазақстан» газетінен кейін қазақ оқырмандарына жол тартқан басылым Сібір төңкеріс комитеті жанындағы Қазақ өкілдігі атынан жарық көрген. Уақыт өте келе «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Ленин туы», «Солтүстік Қазақстан» атауларына ие болған. Алғашқы санынан бастап сауаттылық, ағартушылық, оқу-білімге жұмылдырушылық бағыттарын басты мұрат еткен.

Осыдан төрт жыл бұрын Теріскейліктерге сүйінші жаңалықты облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова жеткізді. Оның айтуынша, осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген «Кедей сөзі» газетінің алғашқы санының көшірмесі қазір жергілікті мұрағатта сақтаулы. Мұның жүзжылдық мерейтойы атап өтілген облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетіне үлкен тарту болған. Сөз арасында Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сә¬бит Мұқанов және тағы басқа Алаш жұртының ірі тұлғаларының қолтаң¬балары қалған «Кедей сөзінің» екін¬ші саны осы жылдың басында Алматыдағы республикалық архивтен табылып, электронды нұсқасы жасалғанын айта кеткен жөн.

«Ресейдің ұлттық кітапханасында газеттің сақталғаны туралы ақпаратты мерзімді баспасөздің тарихын зерттеп жүрген жергілікті журналист Амандық Жантеміровтен білгеннен кейін осы мекемеге сұрау салынды. Бастапқыда «жоқ» деп жауап келді. Бұған қанағаттанбай кітапхананың өзге де қорларымен тығыз байланыс орнатылды. Сөйтіп табандылық танытқанның арқасында газеттің түпнұсқасы табылып, көшірмесі қолымызға тиді», дейді Сәуле Зейноллақызы.

Газет қағазы сарғайып, шеттері әбден көнергендіктен кейбір авторлардың есімін анықтау қиынға соғады демесеңіз, мәтіндердің барлығы дерлік жақсы сақталған. Бұл тақырыпты тереңірек зерттеу қазақ журналистикасы мен БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат тарихының ақтаңдақ беттерін қалпына келтіруге жол ашары сөзсіз. Қазақ баспасөзінің бүгінгі мұрагерлері – жас журналистер өз кәсібінің түп-тамырын тануға ден қояды деп сенеміз. Айтпақшы, «Кедей сөзі» газетінің тікелей мұрагері – «Солтүстік Қазақстан» газетіне биыл 103 жыл!

Ербол МЕДЕТБЕКҰЛЫ

Журналистика факультетінің 1 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Erbol Medetbekuly

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин