Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кәсіби маманның алғашқы қадамы — өндірістік тәжірибе

Арай Бекетаева
3 мин оқу 27 оқылым

Қанатының астынан ғалымды да, ұстазды да, дәрігерді де, заңгерді де ұшырған, білімдінің білімін талантымен ұштастыра білген, білікті маман даярлаудағы ғылым мен білімнің алтын көпірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі. Ұлы тұлғалардың тұсында іргесі тұрғызылған оқу орны қазіргі таңда, әлемдік деңгейдегі университеттермен иықтасып келе жатыр. Бой түзеген уақыттан бері ұлы тұлғалардың бірін осы шаңырақта шәкірт тәрбиелеткізіп, келесі бір тұлғаны қара шаңырағынан түлеткен ҚазҰУ біршама игі істердің бастамасы болып келеді. Тағы да бір қатар біліктілер түлегелі отырған оқу жылы филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттері «Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығынан» өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Тәжірибе жұмысының негізгі мақсаты – педагогикалық құзыреттілікті, кәсіби қасиеттерді қалыптастыру және дамыту, ғылыми байланыстарды жүзеге асыратын негізгі ұйымдардың, мекемелердің қызметімен таныстыру, жеке және ғылыми ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту.

Тәжірибеден өту барысында орталық жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, ахметтанушы Имаханбет Райхан Сахыбекқызы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерін атқарылуы тиіс жұмыстардың көлемімен таныстырды. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы тарапынан жетекшілікке бөлінген Шортанбай Шоқан Амангелдіұлы өндірістік тәжірибе барысында атқарылатын істерге бағыт-бағдар беріп отырды. Сонымен қоса, өндірістік тәжірибенің мақсат-міндетін әрбір студентке жауапкершілікпен түсіндірді. Өндірістік тәжірибе барысында ZOOM платформасы арқылы онлайн жиындарға қосылып, жетекшілерімізден кеңес алып, көкейіміздегі сұрақтарымызды да талқыға салып отырдық. Өндірістік тәжірибеге бөлінген студенттердің бір тобына Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген мұражай-үйлердің тарихы мен жәдігерліктерін, мемлекеттік және жеке мекемелердің құрылған жылдарын және олардың Ахмет мұрасын танытуға, насихаттауға қосқан үлесін саралап, жүйелеу жұмыстары тапсырылды. Сондай-ақ, республика көлеміндегі Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне қойылған ескерткіштердің санын анықтап, оларды жасаған мүсіншілердің есімдерін, ғалымның аты берілген көшелердің бойындағы ғылыми маңызы бар ғимараттарды жүйелеп, біріздендіруге атсалыстық. Аталған тапсырмаларды орындау барысында ғаламтордың, кітапханалардың, электронды кітапханалардың және ресми сайттардың көмегіне жүгіндік. Осы тапсырмалардың аясындағы жұмыс барысында тың мәліметтермен танымымыз толығып, болашақ мамандығымыз үшін мол тәжірибе жинадық.

Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен ғылыми-әдістемелік мұрасын оқып-танысу, зерделеу – бүгінгі ұрпақ үшін де өте маңызды. Өндірістік тәжірибе барысында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен жете танысу үшін әр жылдарда жарық көрген мақалалар, деректі және көркем фильмдер, түрлі жанрда жазылған прозалық, поэзиялық, драмалық шығармалармен таныстық. Бір ғана Ахмет Байтұрсынұлының ғана емес, күллі Алаш көсемдері мен қайраткерлерінің өмірін өрнектеп бір картинаға сыйғыза алған «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Тар заман» сынды бірнеше бөлімдік телехикаяларды көріп, талқыға салдық. Ұлт ұстазының нағыз қиын шақтағы басынан кешкен қасіретін көрсеткен және Ел ағасының атылғанын айшықтап, көрермен көңіліне сызат түсірмей, Алаш қайраткерлерінің халық жадында мәңгі қалатынын көркем жеткізген.

Ғалымға арналған жыл сайынғы конференциялар мен байқаулар, іс-шаралар, оқулардың да жас ұрпақ үшін берері мол. Сонымен қатар, ұлт ұстазының есімі берілген төсбелгілердің тарихы мен оларды иеленген тұлғалардың мұралары зерттеуіміздің негізі болды. Ендеше, өндірістік тәжірибенің біз үшін өнімі мол болары сөзсіз.

Үстіміздегі жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұлт ұстазының өнегелі ғұмырын, соңында қалған әдістемелік еңбектерімен молынан таныстық. “Елді түзетуді бала оқытудан бастауымыз қажет” деп ұрандаған ұлт ұстазының осы мақсаттағы “Оқу құралы”, “Тіл құралы”, “Баяншы”сияқты әдістемелік оқу-құралдары ғылым салалары жайынан көп мазмұнды мағлұматтар беріп, оқыту барысында маңызды рөл атқарады. Ахмет мұрасының зерделенуі мен насихатталуы тоқтамай тек қана ілгерілейді деген ойдамын.

А.М.Бекетаева

ҚазҰУ 4-курс студенті

Шортанбай Ш.А

ҚазҰУ аға оқытушысы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Арай Бекетаева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Кәсіби маманның алғышқы қадамы - өндірістік тәжірибе

ҚазҰУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері «Тіл-құрал» орталығында өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындайды.

Арай Бекетаева 3 мин 31 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым