Мазмұнға өту

Ізгілік – адамгершілік белгісі

лайла 4 мин оқу 66 оқылым

Калбасова Лайла Бериккалиевна

Атырау қаласы

№2"Ақ сұңқар"бөбекжай-бақшасы

№2"Ақ сұңқар"бөбекжай-бақшасы 

Түрі: Тренинг - сабақ
Мақсаты: Адам өміріндегі қарым - қатынастың мәні туралы алғашқы түсінікті беру;
Оқушылардың жағымды қарым - қатынасын дамыта отырып, ізгілікке тәрбиелеу;
Оқушыларға қарым - қатынасты үйрете отырып, көңіл күйін басқара білуге үйрету;
Әдісі: Сахналау, ситуациялық талдау, сұрақ - жауап.
Тренингтің барысы

І. Кіріспе:
Қарым - қатынас – адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс - тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым - ишара, белгі, таңба арқылы да бір - біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым - қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым - қатынастық қызмет атқаратынын біле бермейміз. Сөйлесу - қарым - қатынастың негізгі түрі.
Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады.
Қазақ халқында амандасудың қазір түрлері көп. Олай болса, біз амандасудың мына түрлерін орындап көрейік:

ІІ. Сахналау (жұптық жұмыс)
1. Оқушы мен мұғалімнің амандасуы;
2. Ата мен немеренің амандасуы;
3. Ақсақал мен замандасының амандасуы;
4. Ұлдар мен қыздардың амандасуы;
5. Студент екі қыздың амандасуы;
Ата - баба дәстүрінің қастерлейтіні – дұрыстап сәлемдесе білу. Дұрыс сәлемдесу – имандылығымыз бен ар - ұятымыздың бастауы екендігі хақ. Амандасу кезінде әрбір адам бір - біріне саулық, жақсы күн тілейтінін, тілекші екенін есте ұстаған жөн.

ІІІ. «Жағдаяттан шыға білеміз бе?» ойыны
(Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңдер)
1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?
2. Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.
Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

Мұғалім сөзі: Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстауы әдемі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

ІV. «Рөлдік ойын»
Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.
1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.
2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері.
3. Үлкендер мен жастардың дастарқан басында өзін ұстау әдебі.

V. «Әдептен озбайық» ойыны
(Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойларыңмен жалғастырыңдар)
1. Қоғамдық орындарда, көшеде:
- Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.
- Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.
- Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.
- Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.
- Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.
- Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.
2. Іс сапарда:
- Жолға шыққанда соған лайық киін.
- Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс.
3. Театрда:
- Театрға 15 - 20 минут бұрын келіп, спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғанда қолайсыздық тудырады.
Осы тапсырмада адамгершілік қарым - қатынас жасау әдеп қағидаларын өз ойларымен толықтыру ұсынылады.

VІ. Қорытынды.
Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады.
Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

лайла

Автордың басқа материалдары

Орыс тілі

Певец свободы

Халикова Лайла Елдибековна Тема урока: §24–25. Певец свободы Школа. К.Аманжолова Дата: ФИО учителя: Халикова Лайла Елдибековна КЛАСС 9 Б Количество присутствующих:17 Количество отсутствующих:0 Цели обучения, которые…

Лайла 658 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин