Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Исмағұл бек Ғаспрински¹ (Қысқаша тәржіме халі)

Ләзиза
2 мин оқу 42 оқылым

Әлімхан Ләзиза

Тәржіман- алғашқы саны 1883 жылы 10 сәуірде «Тілде, пікірде, істе- бірлік» деген ұранмен жарық көрген газет. Бұл барлығымызға тансық ақпарат. Ал осы барлық ресейлік түркілерге арналған тұңғыш, еркіндік пен білімге ұмтылған , түркі халықтарының көшбастаушысына айналған газеттің , және оның шығарушысының көрген қиындықтары мен тарихын біріміз білсек,  біріміз біле бермейміз. Қандай да бір істің артында көзге көрінбейтін еңбек , уайым , сарп етілген уақыт жатыр. Қазірге күнде газет , журнал шығарамын деген адамға үкімет тарапынан еш қыстау йәки қарсылық жоқ. Ерік өзімізде!

Бірақ мұнан отыз үш жыл бұрын мұндай емес еді. Ол тұста сайрағыш бұлбұлдар қамауда, қырағы сұңқарлар торда, жүйрік тұлпарлар матауда еді .

Тәржіман газетінің өмірбаяны да сол заманмен тұспа тұс. Хәм, ол күндері кітап жазған адам кітабын баспас бұрын Петерборға сензурға жіберіп қарату міндет еді. Ғазиз ерлердің қаламынан аққан аққан есіл көркем сөздері сензурда айлар,жылдар жатып ,қайта қайтып, қайтпаса сол бойымен жоғалып кете беруші еді. Ол қиын күндерде үкімет адамдары Русиядағы мұсылмандарды орыс қылудың қамын ойлап жүрген. «М.Ведомости» секілді қара жүзді газеталар мұсылмандарды орыс қылудың жоспарын жазып тұрушы еді.

Әне сондай тұста Исмағұл мырза қайраттанып , ебін тауып «Тәржіман» газетасын шығарған. Сонымен қатар Исмағұл мырза газеті жарық көрсін деген мақсатпен Петербургқа 4-5 мәрте барған. Ол бай баласы емес. Жарлы мұғалім.Сонда да , халқына деген жанашырлығы асыл ерді еш тоқтатпады тиісінше қамшылап отырды.

Ол кезде бұл замандағыдай тұс-тұсынан сөз, хабар жазып тұратын тілшілер, жазушылар жоқ, Исмағұлмырза «Тәржіман»-ды өзі жазған баспаханада әріпті өзі тізген, машинада өзі басқан, газетаны өзі бүктеген , шахардағы алушыларға өзі үлестірген.Сөйтіп бейнеттеніп жүріп мақсатына жетті. Газет шықты , жарық көрді алайда қиындық бұнымен біткен жоқ. Газет шыға салысымен жұрт көмегін беріп , газетаны алып Исмағұл мырзаны мәз қылды дейсіз бе? Жоқ... Исмағұл мырза Тәржіманды шығарып тәртіпті оқуды жұртқа көрсете бастаған соң оған алдымен молдалар қарсы түсіп , өзі алмағанымен қоймай халыққа оны оқу харам деп, алдырмай газеттің жолына бөгет болған. Исмағұл мырза мұндай сынақтарды күліп қабылдаған. Ол өзінің керуен жұлдызы екенін білген. Таң атып күннің шығарына кәміл сенген. Исмағұл қайрат етіп, отыз үш жыл «Тәржіман» басынан жылжымай жұртқа көсемдік етті. Мұсылмандар- ды оқуға, жазуға үйретті. Мектеп ашып берді. Мұғалімдер шығарды, әдебиет туғызды, мәңгі бітпес пікір, идея берді. Русия мұсылмандарын тірі бір ұлт халына қойды, кейінгісін ойлағандай, ілгеріге сын болжағандай ой берді. Сондықтан Исмағұл мырза түрік ұлтының зор тәрбиешісі, ұлы ұстазы, ардақты атасы болып дүниеден өтті. Адам баласының ең үлкен қасиеті істі бастағанында емес ,аяқтағанынды ал Исмағұл мызра өз ісін сабырлық пен тиянақтылық пен аяқтады. Қанша қиындық көрседе сынбай, дұрыс оқу әдебін ұсынамын жұрттың көзін ашамын деп ,дүниеден өтті. Еңбегі ақталды артындағы ұрпақ оның өлшеусіз еңбегін оқиды , біледі ал оны жарық жұлдыз ретінде естерінде сақтайды!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ләзиза

Пікірлер 2

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Нурай

    Керемет😍
  2. Жанель

    жоғары деңгейде жазылды десекте болады😍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым