Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ішкі мүшелердің топографиясы

Автор

Дуйсебаева Жансая Рысбаевна
3 мин оқу 1 736 оқылым

Дуйсебаева Жансая Рысбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ішкі мүшелердің топографиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мүшелер жүйесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: бұлышқет және жүйке ұлпаларының құрылысы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу; б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Адам туралы қандай ғылымдар бар?
2. Физиология қандай ғылым?
3. Салауатты – өмір салты дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен - бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне - бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін. түзеді. Мысалы, тірек - қимыл, зәржыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Адам ағзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жүйесі - барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.
4. Тірек - қимыл жүйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Жүрек - қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Ағзаның біртұтастығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтын барлық мүшелер жүйесі бірімен - бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен - бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке - гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен - бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртұтас тіршілік иесі деп аталады
IV. Қорытынды. Қорыта айтқанда, ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
V. Бекіту сұрақтары:
1. Бұлшықет ұлпасының қандай топтары бар?
2. Миофибрилла деген не?
3. Жүйке ұлпасына тән қасиеттерді ата?
VІ. Бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма. Оқу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дуйсебаева Жансая Рысбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин