Мазмұнға өту

Іс — әрекетті зерттеу, мұғалім ізденісін арттырады

Bilimger Media 5 мин оқу 1 330 оқылым

Күнделікті сабақтың кезеңдерінде оқушылардың бәріне бірдей деңгейде білім беріп жатсақ та, олардың білім сапасы әр түрлі болып жатады. Бұған бір жағынан, олардың сөйлеу дағдыларының қалыптаспағандығы, қарым-қатынастарының алшақтығы себеп болса, бір жағынан тақырыпты толықтай түсінбегені анықталып жатады. Мұғалімдер үздіксіз оқудың бағасын түсінетін тұлға болғандықтан, өз ісінің жемісін талмай іздейтін, баланың жанын түсінетін жан екендігі белгілі. Білім сапасын арттыру жолында сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің байланысын іс-әрекетті зерттеу жұмыстары арқылы дамыту менің басты мақсатым болып табылады. Топтағы іс — әркетті анықтай отырып, өзіндік қабілеттер арқылы әр түрлі деңгейдегі оқушының өзгерісін анықтауды ойлап, сынып жетекшілік ететін сынып оқушыларына зерттеу жүргіздім. Зерттеудегі сыныптың мәселесі мынадай болды. Сыныпта 25 бала бар. 4- сыныптың қорытындысы бойынша білім сапасы 60%, 5-сыныбында 40 % болып, төмендеген. Білім сапасына нендей жағдайлар себеп болуы керек?

Бұл орайда мен мектеп психологі, мектеп дарігері және ата ана, пән мұғалімдерімен сөйлесіп, деректер жинадым. Мектеп психолгінен сынып оқушыларынан психологиялық сауалнама алуын және сыныптың социограммасын жасап беруін сұрадым. Нәтижесінде сынып ұжымы тату, бір бірімен қарым қатынасы жақсы. Достықтары араласуы дамыған. Сыныптан шеттеп қалған оқушыны жоқ деп анықтады. Тек жеке қарауды, көңіл бөлуді қажет ететін оқушылар бар екенін ескертті. Бұдан соң, мектеп дәрігерімен жүздестім. Ол сынып оқушыларының көп ауыратыны жайында айтып өтті. Қарапайым бас аурулары мен тамақ аурулары көбірек кездесетінін айта келіп, бір көзі нашар көретін оқушы барын сөз етті. Бұдан соң осы сынып ұжымындағы үш деңгейдегі оқушыны ерекшелеп алып, оларды басты зерттеу нысаны ретінде, сол арқылы өзге де сынып оқушыларының өзгерісін анықтауға жол ашатынымды білдім.

А деңгейлі оқушы (өте жақсы) — сыныптастарына қарағанда зерек, тез тіл табысатын, жігерлі, ойы ұшқыр, жылдам ойлағыш, сөз саптауы жатық, барлық пәндерден сабақ үлгерімі өте жақсы. Зерттеуге алған себебім – танымдық қабілетін басқа оқушылармен салыстыра отырып, өзінен төмен деңгейдегі оқушыларға үйретуі арқылы адами құнды қасиеттерін ашып, көзқарасын өзгерту болды.

В деңгейлі оқушы (жақсы) — ортада ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінез – құлқы бірқалыпты, салмақты, сабақты сұрасаң ғана жауап береді, өзгелерден ерекшелейтін жеке қабілеті жоқ. Зерттеуге алған себебім – оқушының білім деңгейін нығайту, ойын жетілдіру, қарым қатынасқа баулу болды.

С деңгейлі оқушы (орташа) — күнделікті сабаққа дайындығы жақсы, өз ойын толық жеткізуі қалыптаспаған. Зерттеуге алған себебім – бойындағы құндылықтарды анықтау, білімге деген, пәнге деген қызығушылығын ояту, сабақты үнемі қадағалауға дағдыландыру болды.

Бұдан кейін осы аталған оқушылардың ата аналдарымен пікірлестім. Ата ана баланың басты ұстазы. Олардың қасында үнемі бірге болып, өз тәлімін беруші. Сондықтан олардың пікірі мен үшін құнды болды.

А деңгейлі оқушының ата-анасы: — Ол сабаққа белсенділікпен және жоғары қызығушылықпен дайындалып жүр. Бұл мені қуантады. Себебі балам төменгі сыныпта оқу екпіндісі болған еді. Қазір үздіктер қатарына қосылды.

В деңгейлі оқушының ата-анасы: — Мен баламның сабаққа қабілеті бар екенін білемін. Өз бетінше орындайды. Жалқаулығы да жоқ емес. Төменгі сыныпта оқу екпінділері қатарынан көрінген болатын. Қазір математика сабағынан ұсталып, түсіп қалды.

С деңгейлі оқушының ана анасы: — Балам сыныптан тыс шараларға белсенді қатысады. Әншілік қабілеті жақсы. Би үйірмесіне қатысады. Сабаққа ынтасы жаман емес. Біраз сабақтардан қиналатыны бар. Сондықтан екпінділер қатарынан түсіп қалды.

Ата анамен пікірлескеннен кейін олардың баласына берген бағасы мен сабаққа ынтасын жоққа шығармайтындықтарын аңғардым. «Бала бауыр етің» деп текке айтпаған. Баласының жақсы болғанын қалайтынын ата аналардың ойлары көңіліме қонды.

Үздіксіз оқытудың маңызын беретін оқытушыларымыз бала талабына сай болуы керек екенін білеміз. Сондықтан бұл зерттеуге ең басты тұлға пән мұғалімдерінің ықпалы барын сезіндім. Уақыт өте келе олармен сөйлесіп, мәселенің шешімін тапқандаймын.

Алғаш пікірлескен математика пәнінің мұғалімі болды. Себебі оқушылардың басым бөлігі есеп шығарудан қиналып жүрді. Сабағы осы саладан көбірек оқуды қажет етті. Ол жалпы сыныптың белсенділігі жақсы екендігін, сабақта логикалық ойлау есептері көбірек болатындықтан қиындық туып жататындығын айтты… Күнделікті тақырыптарға үлгермеушілерге қосымша сабақтарға қатысуын ұсынатынын ортаға салды.

Дене шынықтыру сабағынан белсенділігі төмендеп жатқан оқушылар болды. Оған бір себеп сыныптың көп ауыра беретіні болса, енді бірде жаттығуға икемделмегені себеп болып жатты. Бұл пікірде дене шынықтыру мұғалімі: дене шынықтыру сабағы оңай пән емес. Дегенмен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, түрлі жаттығулар ұсынамыз. Көбіне сынып оқушыларының денсаулығы тез сыр береді. Сабаққа ауырып қатыспай қалатын оқушылар кездеседі. Сонымен бірге қосымша үйірмелерге шақырамын, деп айтты.

Орыс тілі де сыныптың қиналған сабағы болды. Оқушылардың белсенді тобында сауатты жазу мен сауатты айту толық қалыптаспаған. Орыс тілінен дайындықты қажет етеді. Үнемі керекті ережелерді жаттап, тәжірибеде қолдана алу керек, деп пікірін білдірген орыс тілі мұғалімі оқушылармен жеке жұмыстар жасады.

Бұдан соң оқушылармен пән мұғалімдерімен ынтымақтаса отырып,

•шығармашылыққа,

•Сауаттылыққа

•Салауаттылыққа

•Жоғары ойлауға дамыту жұмыстарын жүргіздік.

«Оқушы үні» сауалнамасы, жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізілді. Олардың оқушыға әсерін бағамдадық. Сыныптан ты іс шараларға молынан қатыстырып, сөйлеу дағдысын шыңдадық. Мектепішілік шараларға қатыстырдым. Олардан көптеген орындар акелді. Білім сапасы бұл тоқсанда көтеріліп, білім деңгейі қорытынланды. Қорытынды ойға үш оқушының өзгерісін жаза отырып, нәтижеге қол жеткіздім. Болашақта атқарылатын жұмыстарды айта отырып, сәтті жақтары мен сәтсіз жақтарына көңіл аударттым. Бұл менің жұмыстарымның ушіндегі ерекшесі болып қала береді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.А.Әлімов.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. 2013ж. 448- бет

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші (негізгі) деңгей, /Бакирова К.А., Намысова Г.А., Аушева И.У., Шаримова А.Г., Ғабдоллақызы Б., Байкенова Б.А. — 3 басылым. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин