Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Интеллектуалдық-биатлоны»

Тайтолеуова А.К
4 мин оқу 347 оқылым

Ұйымдастырған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет, қоршаған ортамен танысу, орыс тілі
Мақсаты:
• Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау, 5 сала бөлімдеріңе тоқтап, үйренген білгеңдерің қайталу, пысықтау.
Міндеттері:
• Сурет бойынша мәтін құрау, мақал мәтелдерді жалғастыру, ертегідегі жағымды мен жағымсыз кейіпкерлер арқылы өз ойларын айта білуге, логикалық есептерді шешеуге, луллия шеңбері арқылы геометриялық пішіндердің неше бөлігі боянғанан таба білуге, дыбыстарды дұрыс атай білуге және ауыз екі сөйлеуге жетілдіру;
• креативтілікті, сыни ойла білуге, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істеуге арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін , сөйлеу мәдениетін дамыту;
• «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген мақал арқылы балаларды білімге, достыққа, адамгершілікке,мергендікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
Полингвалдық компонент: Ит- собака-dog,ұл бала-мальчик-boy,қыз бала-девушка-girl
ағаш- дерево-Tree
Көрнекілік: перизентация, луллия шеңбері
Ұйымдасқан оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Үш тілдікті қолданып,
Амандасып алайық!
Армысыздар-здраствуйте-hello!!!
Лапылдап жанған баламыз
Ақбота тобынан боламыз
Жарыс десе әрқашан
Алдыға тек ұмытылған
Бүлдіршіндер біз едік!
Талай жарыс сыңдардан,
Сүрінбей етіп жеңгенбіз.
Тәрбиеші: Қәне қандай сайыстан
Жеңімпаз болып келдіңдер
Атап бізге беріңдер!
Мәнерлеп оқып өлеңді
Тәуелсіздік күні мен
Елбасын да жырладық
Жігерленіп, шыңдалып
Дана Абай өлеңін
Оқудан біз жарысып
Намысты қолдан берместен!
Екінші орын иеленіп
15-тің атын шығардық.
Ұстаздардың қолдауымен
Үйірмеге қатысып,
Галина Александровнамен
Талай жеңіс кубокты
Қанжығаға байладық
Жаңа технологияны меңгеру
Қазіргі заман талабы
Компьютермен ғаламтор
Нағыз біздің заманымыз!
Осыларды дәлелдеп,
Көрсетейік биатлон деген жарыспен,
Қызыл, көк болып топ құрып,
Кәне достар тұрмайық
Жарысымызды бастайық па? Бастайық
Балалар шеңберге тұрып жыл бойы қандай жетістікке жеткендерін өлең жолдарымен айту арқылы амандасады. Балалар екі топқа бөлініп отыра қалады.
Әңгімелесу:
Міне балалар екі топқа қызыл, жасыл болып бөліне қалдық.
Қай топ бірінші болып мәреге тигізсе сол топ ҰОҚ бастайды бірінші болып соған сұрақ қойылады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар бірінші сұрағымды қызыл тобына қоямын Экранға назар аударайық :
1-тапсырма :
«Суретке қарап сөйлем құра»
Дұрыс айтасыңдар балалар қазақта ит туралы тамаша мақал бар
Мақал: «Ит иесі үшін жүгіреді
Құс тамағы үшін ұшады -деген мақал бар »
Келесі суретке қарайық бұл суретте не бейнеленген?
«Бір тал кессең, он тал ек» демей ме қазақ даналығы. Ендеше мақал мәтелдермен жалғастырайық.Мен сендерге айтамын сендер жалғасытасындар:
«Мақал-мәтелді жалғастыр»
Судың да ........
Кітап------
Ер -------
Әкеге ------
Бала -------
Жүз ----------------
Полингвалдық компонент:
Ит-
ұл бала-
қыз бала-
ағаш-
Балалар тәрбиешінің айтқан кеңестерін мұқият тыңдай отырып, екі жақтан екі бала шығып жебені дәлдеп атады.
Балалардың жауабы:
Ал мен былай мәтін құрар едім: ит жеті қазынанын бірі деп айтамыз. Марат пен Айжан балабақшадан қайтқан кезде күнде олардың жолдарын қарап жүретін досы ақтөс күтіп алатын. Міне бүгінде өте сүйікімді және мейірімді досы Ақтөс тағы да тосып алды. Оны көрген Марат пен Айжан қуаныштарын жасыра алмады.
Асан әкесіне жас тал егуді ұсынды. Ал әкесі болса ұлының қолындағы ағашты еге бастады. Ағашты егіп баптап күткен кезде ол биік болып өсіп, жайқалып табиғатымызға көрік бергендей.
Судың да сұрауы бар
Кітап-алтын қазына
Ер қанаты -ат
Әкеге қарап ұл өсер,
шешеге қарап қыз өсер!
Бала тілі-бал
Жүз теңген болғанша,
жүз досың болсын!
Ит- собака-dog
ұл бала-мальчик-boy
қыз бала-девушка-girl
ағаш- дерево-Tree
2-тапсырма:
«Жануарлар қандай дыбыстан басталады?»

Тілдік жаттығу
1. Тан – тан – тан,
Аң патшасы – Арыстан.
2. Ыс – ыс – ыс,
Тарғыл түсті жолбарыс.
3. Қыр – қыр – қыр,
Бұл көкжал қасқыр.
4. Іл – іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.
3-тапсырма:
«Сурет бойынша ертегіні айт»

Сергіту сәті:
«Әліппе» әні

3-тапсырма:
«Гүлдердегі тапсырманы орындау»

4-тапсырма:
“Луллий шеңбері”
Пішіндерді білеміз,
Бөліктерді бөлеміз.
Ал, тексеріп көріңіз
Біз көрсетіп береміз.

5-тапсырма:
«Шығармашылық кезең»
Балалар аңдарды атай отырып, қандай дыбыстан басталатының, неше буынан тұратының сол аталған дыбыстарға сөйлем құрайды..
Аталған тілдік жаттығуларды қайталайды.Балалар аталған екі ертегінің мазмұның өзгертіп жағымды ертегінің кейпкерін жағымсыз қылады, ал жағымсыз кейіпкерді жағымды қылып өзгертіліп айтады. Өлең жолдарын айта отырып, балалар гүлдің ішіне орналасқан есептердің қосындысын есептеп қысқыш арқылы белгілейді.Шеңбердің ішіндегі аталған геометриялық пішіндерді тауып неше бөлігі боялғанын,неше бөлігі боялмағаның атап береді. Балалар өз білімдерін жеңіс ке бағалап от шашуды дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді пайдаланып сурет салады.
Рефлексифтік-қорытындылау
Тәрбиеші балалардан қандай жарыс болғаның жарыстың атауы қалай аталатының , қандай тапсырмаға қиыншылық туғызғандарың, өздеріне не ұнағандарың сұрақ жауап ойыны арқылы сұрайды.
Мақал:
«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»
Мектеп қабырғасына кететін балаларға диплом беріледі
Балалар қандай тапсырма орындағандарын, қандай тапсырмаларға толық жауап бере алмағандарын, өздеріне ұнаған тапсырмаларды атай отырып, қорытынды жасап өз ойларын толықтай жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
• Балалар «Интеллектуалдық биатлоны» сайысының ерекшелігі туралы білу керек.
Не туралы түсінігі болу керек:
• Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкелердің іс-әрекеттері, логикалық тапсырмалар жайында түсінгі болу керек.
Істей алу керек:
• Қойылған әр-бір сұрақтарға, тапсырмаларға толықтай жауап бере отырып өз ойларын аша білу керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тайтолеуова А.К

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 61 оқылым