Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Inkscape векторлық графикасының редакторы

Автор

Байболова Зарина Нұралынқызы
2 мин оқу 1 226 оқылым

Байболова Зарина Нұралынқызы

Сабақ жоспары 7-сынып

Күні: Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс істеу тапсырмалары арқылы құралдар мен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту мақсаты: Inkscape бағдарламасымен және векторлық редактор интерфейсімен танысады; практикалық жұмыс арқылы векторлық графиканы құру технологиясын меңгереді; графикалық файлдарды ашуды және (SVG) редакторының форматында сақтауды үйренеді; жеке объектілер мен объектілер тобын жұмыс үстелінде қозғалту үшін ерекшелейді; керексіз объектілерді тауып өшіре алады.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Inkscape бағдарламасын ашады, редактор элементтерін анықтайды және векторлық редактордың негізгі мүмкіндіктерін қолданады. Суреттерді сақтай алады.

Басым көпшілігі: Inkscape бағдарламасын жүктейді және аяқтайды. Құжаттың қасиеттерін: өлшем, фон, бағыттауыштың параметрлері, торлар және т.б. анықтайды, құю түстерін орнатады және алып тастай алады; Inkscape бағдарламасының құралдарын пайдаланып, компьютерде тапсырмалар орындай алады.

Кейбірі: Inkscape бағдарламасында әртүрлі бейнелерді құралдар мен командаларды қолданып, өз ойларынша салады.

Көрнекілік: ДК, Inkscape векторлық графика редакторы, проектор, интерактивті тақта.

Сабақ кезеңдері:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әрқайсымыз бір-бірімізге атымыздың бірінші әрпінен басталатын тілек тілейік. Мысалы, менің атым Дана — денсаулық тілеймін т.с.с.

Енді сендердің тілектерің орындалу үшін «Тілек ағашына» тілек ленталарын байлайық.

Бүгінгі сабағымыздың девизі:

Ұжыммен ойлайық

Дәлелді қолдайық

Ынтамен күресіп

Жеңісті болайық!

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. «Миға шабуыл»

  1. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаларды атаңдар? Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
  2. Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар?
  3. Қандай пішімде сығымдау қолданылады?
  4. Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер?
  5. Қалай ойлайсыңдар, графикалық файлдың пішімі оны жасаған программаға байланысты ма?

III. Тарихи мәліметтер.

Графика туралы түсінік

Сурет адам өмірінде әрқашан маңызды орын алған. Ежелдегі адамдар жазу болмағанда өз өмірлері туралы жартасқа, кез келген затқа суреттер арқылы кейінгі ұрпаққа мәлімет қалдырып отырған, сондықтан сурет олар үшін өте маңызды болған.

Білімді өзектендіру.

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. «Графика» грек сөзі, «графо» — жазамын дегенді білдіреді. «редактор» латын сөзі «редактус», реттелген сурет.

Векторлық графикасының редакторымен танысу

Inkscape (Инкскейп) — тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы /WWW. inkscape. org/
Мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы. Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқушыларға мақсат қою үшін тірек сөздер:
• Біз………………танысамыз.
• …………….........үйренеміз
• .......…………….жасаймыз
III. Жаңа сабақ.

ЖИГСО  әдісі арқылы мәтін бөліктеріне бөліп, постер жасату

Ресурстар арқылы білімдерін пысықтау

Бекіту

(практикалық жұмыс, оқулық, 112-бет) /1-10 балға дейін/

Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындау. Оқушы балдары бойынша мұғалім бағасы

Сергіту сәті:

IV. Қорытынды бағалау:

Топтағы жиналған күлтегін мен салынған суреттер арқылы бағалау

V. Рефлексия

  • Мен бүгінгі сабақта не білдім.......
  • Маған қызықты болды........
  • Маған қиындық тудырған.......
  • Бүгін білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланамын
  • Мені толғандырған.............

Үйге тапсырма: §21, сұрақтарға жауап беру.

4-5  сұраққа дәптерде жазбаша жауап беру

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 9 қазан 2026, 11:03

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байболова Зарина Нұралынқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин