Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Иллюзия өнері" қазақ тілі 5-сынып

Bilimger Media
4 мин оқу 1 215 оқылым

Тақырыбы:  Илююзия өнері. Зат есімнің мағыналық түрлері

Сабақ: 6/8                                       

Мұғалімнің аты-жөні: Марипова Арайлым Серіқызы

Сынып: 5 «В»

 Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.ӘТН4.2 Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажырата білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді мұқият оқиды, 1 сұрақ құрастырады, зат есімнің мағыналық түрлерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастырады, зат есімнің мағыналық ерекшелігін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар құрастырады, зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, мысалдар келтіреді.

Оқу мақсатының деңгейлері

Білу, түсіну

Құндылықтар

Иллюзия өнерімен танысу, зат есімнің мағыналық түрлерін білу.

Пәнаралық байланыс

өнер,тарих

Бағалау критерийі

- Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

- Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.

-Оқушылар уақытты тиімді пайдалана алады,тапсырмалар орындауға топ мүшелері толық қатысып отырады.

Алдыңғы оқу:

Қиял мен шындық бірлігі

Жұмыс жоспары

Жоспарланған уақыт 

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5-мин

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта эмоционалды-позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында  «Теңіз түбіне саяхат» жасаймыз. Қиялымызға ерік береміз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Теңіз толқындарына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті , сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар,   Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Топтастыру

Оқушылар мұғалім партасының үстінде жасырылып тұрған бірнеше қиял ғажайып ертегі кейіпкерлерінің суреттерін таңдап алады. Кімге қандай сурет түсті, сол арқылы топқа бөлінеді.

1-топ – «Көлтауысар»

2-топ – «Таусоғар»

3-топ – «Желаяқ»

4-топ – «Алтын балық»

2.Өткен сабақ бойынша қайталау мақсатында берілетін тапсырма.  «Шндық-Жалған» әдісі бойынша жүргізіледі. Екі топқа да бірдей тапсырма беріледі. Олар берілген сөйлемдердегі ақпараттың шындық-жалған екенін ажыратады

Шындық

Жалған

1.Тіл-қарым-қатынас құралы

2.Өмірде жануарлар да сөйлей алады

3.Қиял –адамға ғана тән қасиет

4. Қиялдың шегі бар

5. Біз 5-сыныпта оқимыз

6.Қазір жаз мезгілі

7.Мұқият тыңдау –әдептілікке жатады

 Кері байланыс. Әр топ «Бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау себебін бірнеше оқушыдан сұралады.

-өте жақсы                        - орташа                          - нашар

АКТ

Жан тербетер әуен

Топтасу

«Шындық па жалған ба?» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

Ортасы

35 мин

Жаңа тақырыпты бейнеролик арықылы болжайды.

«Иллюзия өнері» туралы қысқаша айтып өтемін.

Сабақ мақсатын слайд арқылы көрсетемін. Енді сол арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы мақсатын айқындайды.

-          Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

-          Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу

-          Қарсы топты әділ бағалау....

1-тапсырма.  Мәтін мазмұынын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған  сұрақтар құрастыру.

                                          Мәтін

        Менің есімім Жеңіс. Мен иллюзионистпін.  Иллюзия жанрына кішкентайымнан қызығамын. Әрине, оның оянуына бірден-бір әсер еткен тұлға — иллюзионист Дэвид Копперфильд. Кішкентайымда оның өнеріне қызығып, бірнеше фокусты үйрендім. Оның бірін біреу үйретсе, біреуін бір жерден көріп алдым. Барлығын бірден жаттап алып, отбасыма, достарыма қайта-қайта көрсете беретіндігім әлі есімде.

Мен көрермендерге сиқыр көрсеткенде оларға эмоция, кішкентай сәбидің пәк күлкісін сыйлағым келеді. Өйткені үлкен адамда күлкі пайда болғанда, ол миллисекундқа кішкентай сәбиге айналады. Сол кезде оның жан дүниесінен шынайы бір сезім шығады. Мен сиқырды, шыны керек, сол бір сәт үшін ғана жасаймын. Біреуге осындай сезім сыйлай алатындығынды көргенде, ол адамның сені, сенің оған сыйлаған эмоцияларыңды есінде сақтап қалады.

«Ашық микрафон» әдісі арқылы жауап береді

Дескриптор

- мәтінді мұқият оқиды;

- мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар құрастырады;

2-тапсырма. Зат есімнің мағыналық түрлерін «Сәйкестендіру» әдісі арқылы ажыратады

Зат есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Адам

арман

Сезім

Мектеп

Орындық

Достық

Көше

Сағат

Дескриптор.

-          Берілген зат есімдерді мағыналық түрлеріне ажыратады;

-           Уақытты тиімді пайдаланады;

Кері байланыс.  «СМС» әдісі арқылы кері байланыс ұсынылады.  Ұялы телефон суретіне жұмысты бағалап хабарлама жібереді.

https://r2---sn-35153iuxa-5a5z.googlevideo.com/videoplayback?ei=RAlnWubPEJemd

«Ашық микрафон» әдісі

«Сәйкестендіру» әдісі

«СМС» әдісі

Соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

Сабақты қорыту

Кері байланыс. «Білім қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі

Мен сабақты өте жақсы түсіндім. Сабақ қызықты өтті.

Бұл тақырып бойынша әлі де ізденуім керек

Мен сабақты жақсы түсіндім.

Үйге: Қазақстанның илюзионистері туралы ақпарат жинау.

«Білім қоржыны»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым