Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ғұмыры қысқа болса да,мағынасы терең «Серке» газеті

Bilimger Media
2 мин оқу 62 оқылым

«Серке» газеті - 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі.

Газет мақсаты – ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған.

«Серкенің» жариялауы былай жазылған:

«Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі март ішінде шықса керек.

Алушыларға хақы: «бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы он тиын».

Бұл газет жайлы 1911 жылы Мұхамеджан Серлиннің оқырманға арнап жазған бас мақаласында: «1907 жылы ІІ мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһаты менен Петербурда «Серке» есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды» («Айқап», 1911, №1) делінген.

Ғұмыры қысқа болса да,мазмұны терең  болған газеттердің бірі.Сол кездегі Ресей империясының саясатына қайшы болса да,тәуекелге бел буып шығарылған газет.Себебі қиын-қыстау кезеңде халықтың рухын қайрап,жандандыру қазақ зиялыларының басты мақсаты еді.

Алайда,өкінішке орай «Серке» газетінің тек 2 нөмірі жарияланып,жабылып қалған болатын.Оған себеп белгілі журналист-ақын Міржақып Дулатұлының  «Жастарға» атты өлеңі  мен  «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болған деген дерек бар.

«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқарумыен ,Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан.Бас-редактор Шәймерден Қосшығұлов «Серке» деген сөз,ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатын ұғым деп айтып кеткен.Қарап тұрсаңыздар,тіпті газеттің атының өзінде екінің біріне түсінісе бермейтін терең мағына жатыр.Яғни,көш бастайтын,халықты оятатын,артынан ертетін деген мағынамен аталған екенін көре аламыз.

Енді өрбіп келе жатқан газетті түп тамырымен кесіп,«Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар деген жаламен шығарылымын тоқтатқан.

XX ғасырдың басындағы халықтың жаны күйзелген ахуалды кішкене болса да жеңілдету мақсатымен шығарылған газеттің қазақ журналистика тарихында  алатын орны ерекше деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918).

Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет

Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы

Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.).

Алматы: Білім, 2010. – 308 бет

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,1 курс

Құмарәлі Аружан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым