Мазмұнға өту

Ғұмыры қысқа болса ба,мағынасы терең болған «Серке» газеті

Құмарәлі Аружан 2 мин оқу 51 оқылым

«Серке» газеті - 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі.

Газет мақсаты – ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған.

«Серкенің» жариялауы былай жазылған:

«Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі март ішінде шықса керек.

Алушыларға хақы: «бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы он тиын».

Бұл газет жайлы 1911 жылы Мұхамеджан Серлиннің оқырманға арнап жазған бас мақаласында: «1907 жылы ІІ мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһаты менен Петербурда «Серке» есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды» («Айқап», 1911, №1) делінген.

Ғұмыры қысқа болса да,мазмұны терең  болған газеттердің бірі.Сол кездегі Ресей империясының саясатына қайшы болса да,тәуекелге бел буып шығарылған газет.Себебі қиын-қыстау кезеңде халықтың рухын қайрап,жандандыру қазақ зиялыларының басты мақсаты еді.

Алайда,өкінішке орай «Серке» газетінің тек 2 нөмірі жарияланып,жабылып қалған болатын.Оған себеп белгілі журналист-ақын Міржақып Дулатұлының  «Жастарға» атты өлеңі  мен  «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болған деген дерек бар.

«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқарумыен ,Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан.Бас-редактор Шәймерден Қосшығұлов «Серке» деген сөз,ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатын ұғым деп айтып кеткен.Қарап тұрсаңыздар,тіпті газеттің атының өзінде екінің біріне түсінісе бермейтін терең мағына жатыр.Яғни,көш бастайтын,халықты оятатын,артынан ертетін деген мағынамен аталған екенін көре аламыз.

Енді өрбіп келе жатқан газетті түп-тамырымен кесіп,«Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар деген жаламен шығарылымын тоқтатқан.

XX ғасырдың басындағы халықтың жаны күйзелген ахуалды кішкене болса да жеңілдету мақсатымен шығарылған газеттің қазақ журналистика тарихында  алатын орны ерекше деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918).

Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет

Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы

Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.).

Алматы: Білім, 2010. – 308 бет

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,1 курс

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Құмарәлі Аружан

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мұстафа Шоқай - редактор

Мұстафа Шоқай - қазақ журналистиканың негізін қалаушы.Ұлттық мүдденің сақталуы үшін терлеп,аянбастан еңбек етіп,қаламын халықтың қамы үшін ұштаған ауыз толтырып айтарлықтай тұлғалардың бірі. Жүрегі қазақ деп соққан зиялы…

Құмарәлі Аружан 32 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Мұстафа Шоқай - редактор

Мұстафа Шоқай - қазақ журналистиканың негізін қалаушы.Ұлттық мүдденің сақталуы үшін терлеп,аянбастан еңбек етіп,қаламын халықтың қамы үшін ұштаған ауыз толтырып айтарлықтай тұлғалардың бірі. Жүрегі қазақ деп соққан зиялы…

Құмарәлі Аружан 34 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Мұстафа Шоқай - редактор

Мұстафа Шоқай - қазақ журналистиканың негізін қалаушы.Ұлттық мүдденің сақталуы үшін терлеп,аянбастан еңбек етіп,қаламын халықтың қамы үшін ұштаған ауыз толтырып айтарлықтай тұлғалардың бірі. Жүрегі қазақ деп соққан зиялы…

Құмарәлі Аружан 24 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин