Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ғажайып математика

Автор

Сандуғаш
3 мин оқу 119 оқылым

Білім саласы : Таным
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Математика негіздері
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Топпен жұмыс жасауға, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, түсіндіру,дидактикалық ойындар, санамақ.
Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндер, шарлар, ойыншық күшік.
Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің қызыметі
Балалардың қызыметі

Мотивацялық қызығушылық
Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар!
Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.
Қане қонақтармен амандасып алайық

Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» тілейміз.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Қане, балалар барлығымыз бір біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Таңертең тұрғанда аналарың «қайырлы таң» деп айтама?
Қане,бізде қайырлы таң тілейік.
-Қайырлы таң көздерім, ояныңдар!
-Қайырлы таң құлақтарым, ояныңдар!
- Қайырлы таң саусақтарым, ояныңдар!
Жарайсыңдар балалар бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, Мына шарларды ала келдім.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қане атап шығайық (қыс,көктем,жаз,күз) бұл шарлардың түстеріде сол төрт мезгілді білдіреді.
«Ақ» түсті шар бұл қандай жыл мезгілін білдіреді? (Қыс)
Қыста жер беті қандай түске боялады?
«Сары» түсті шар бұл қандай жыл мезгілін білдіреді?
Күз мезгілінде жер қандай түске боялады?
«Жасыл» түсті шар қандай жыл мезгілін білдіреді?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
«Қызыл» түсті шар қандай жыл мезгілін білдіреді?
Жаз мезгілінде жер беті қандай түске боялады?

Балалар шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

(Күшіктің дауысы естіледі)
Балалар бұл ненің дауысы?
Балалар олай болса күшікті іздейік.
Балалар күшіктің ешкімі жоқ сияқты өзімізбен алып қаламыз ба? Күшікті өзімізбен алып қалу үшін шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындайық.

Бір бала ақ түсті шарды жарады.
1 – тапсырма.
1- ден 5- ке дейін тура және кері санау. Санамақ айту.
Бір дегенім- білім,
Білім жарық күнің.
Екі дегенім – елім,
Өзен, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім –бесік,
Шықтық содан өсіп.

Бір бала сары шарды жарады.
2-тапсырма.
«Вагондарды ретімен қой»

Сергіту сәті
(Музыка ырғағымен жаттығулар жасау)

3- тапсырма. Жасыл шардың тапсырмаларын орындау.
Геометриялық пішіндерді атаңдар, пішіндермен жапсырма жұмысын жүргізу.
Балалар осы пішіндер арқылы күшігімізге үйшік жасайық.

4-тапсырма.
Қызыл шардың тапсырмасын орындау.
«Санға сәйкес заттарды топтастыр»

Жарайсыңдар балалар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Логикалық сұрақтар.
Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты 3 доп әкелді.Біреуін Аянға берді, Сезімде неше доп қалды?
Бір қоянның 3 құлағы бар.
Аспанда 4 ит ұшып барады. Біреуі ағаш басына қонды неше ит ұшып барады?
Есік алдында 2 лақ ойнап жүрді, оларға тағы бір лақ қосылды.Барлығы неше лақ болды?

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
-Біз қандай жануарды тауып алдық?
-Біздер қандай тапсырмалар орындадық?
Балаларды мадақтау.

Амандасу

Сәлеметсіздерме!

Көздерін, құлақтарын уқалайды.Шапалақтайды.

4 жыл мезгілі бар

Қыс мезгілі

Күз мезгілі

Көктем мезгілі

Жаз мезгілі

Балалар пойыздың вагондарын ретімен қояды.

Балалар пішіндерден үйшік жапсырады.

Берілген суреттерді сандармен сәйкестендіреді.

Соңғы жаңарту: 4 наурыз 2026, 07:24

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сандуғаш

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Қоғамдағы педагогтың мәртебесі

Материалда педагог мәртебесін көтеру, ұстаз еңбегін бағалау, біліктілікті арттыру және қағазбастылықты азайту мәселелері қарастырылады.

Сандуғаш 61 оқылым 4 мин
Университет

"Мен таңдаған мамандық!"

Автор психолог мамандығын таңдауы, Алматыдағы оқу жолы және балабақшадағы жұмысы туралы ой бөліседі. Психологқа қажет қасиеттер мен балаларға қолдау көрсету жайы баяндалады.

Сандуғаш 38 оқылым 2 мин
Балабақша

"Жол тәртібін бiлейiк"

Балаларға жолда қауіпсіз жүруді, бағдаршам белгілері мен көлік түрлерін танытатын сабақ жоспары. Жұмбақтар, өлеңдер және жол ережесіне арналған көрініс қамтылған.

Сандуғаш 88 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин