Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ғажайып көбелек» (арт терапия)

Сымбат Токтаровна Курмангалиева
3 мин оқу 636 оқылым

«Ғажайып көбелек» (арт терапия)

Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Балаларға АРТ - терапия туралы түсінік беру; сурет салу, құм, ертегі терапиясының жаттығуларын орындау, әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А4 қағаз, түрлі түсті бояу, су бояу, құм, ертегілер
Әдіс - тәсілі: ертегі терапия, құм терапиясы, арт терапия
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук - тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір - бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болумыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

Ойын: Жаңбыр (слайд)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).
5. Жан - жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
- Құм терапия жаттығуы.
- Қолды құмға салу.
- Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
- Қолды құмға жасыру.
- Құмды себелеп құю.

Сиқырлы алақан жаттығуы
Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады,өз қиялын оятады.
Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.
Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. балаларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады:
- Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді - алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мяу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз

Рефлексия
Булдіршіндерге бүгінгі сабақ туралы ойларын білу, сұрақтар қою.
• Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?
• Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?
• Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?
«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сымбат Токтаровна Курмангалиева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Баяндамалар

«Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»

Баяндамада арт-терапияның мәні мен маңызы, қолданылатын әдістері түсіндіріледі. Материалда қатысушыларға арналған шығармашылық тапсырмалар мен дамытушы ойындар берілген.

Сымбат Токтаровна Курмангалиева 5 мин 404 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 342 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 96 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым