Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 130 оқылым

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали – өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем.

       Қазақ поэзия әлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік әкелген, құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Ақынның жастық шағы соғыс кезеңіне тұспа-тұс келгеннен кейін, Мұқағали өмірдің ащысын ерте татады. Мұқағали үйдің тұңғышы болғандықтан, қазақтың салты бойынша әжесі Тиынның қолында өседі. Мұқағалидың жалғыз қарындасы мен бір інісі ерте көз жұмады. Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруа болып жұмыс істеген. 1941 жылы Мұқағалидың әкесі Калининград соғыс майданында қаза табады. Ақын, аудармашы Мұқағали Мақатаев лирика, поэзия жанрларында ғана емес, сондай-ақ драма, проза жанрларында да бірнеше шығармалар шығарған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Мұқағали мәдени қоғамға белсене араласа бастайды. Ақын газет-журнал саласында хатшыдан бастап, бөлім меңгерушісіне дейін адал еңбек етіп, жұмыс жасайды. Жағдайы түзелгеннен кейін, ақын аяқтай алмай қалған оқуын әрі қалай жалғастырады. Алматы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетінде, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті инситутында білім алады.

Мұқағали шығармашылығын сонау бала кезінен бастаған. Ақынның поэзия әлеміндегі алғашқы өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай» және тағы басқалары «Советтік шекара» газетінде жарияланады. «Сәлем достар», «Қарлығашым», «Менің жүрегім», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір жылуы», «Өмір поэмасы», «Өмір өзені», «Жүрек лүпілі» мен «Шолпан» және басқа шығармалары қазақтың ұлттық поэзиясының алтын қорына енді.    Прозалық шығармалары «Екі қарлығаш» (1988) атты жинаққа енді. Ақынның шығармашылық мұрасының бір бөлігі - Қазақстанның әдеби қауымдастығы тарапынан жоғары баға алған керемет аудармалар. Классикалық мысалдарға, оның В.Витманның «Шөп жапырақтары» мен Дантенің «Божественный комедия» және орыс ақындары А.Пушкин, Н.Некрасов, А.Блоктың шығармаларынан аударған аудармалары жатады. Шеберлікпен қазақ тіліне аударылып, олар отандық поэзияның меншігіне айналды.

Дәл қазір Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев тірі болғанында, ол 89 жаста болатын еді. Бірақ өлім айтып келмейді, кеткен қайтып келмейді. Мұқағали Мақатаев небәрі 45 жасында, Алматы қаласында жан тапсырады. Оның шығармалары қазақ поэзиясының классикасына айналды. Нәзіктік пен шынайы лирикаға толы поэтикалық жолдар, халық сүйіп тыңдайтын әндер мен әуенге құрылған. 2000 жылы «Аманат» өлеңдер жинағы үшін «Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2000 Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 желтоқсандағы №1856 қаулысымен Мұқағали Мақатаевқа қайтыс болғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Қырға шығып, ырысқа кенелмеспін...

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!

Қорытындылай келе, Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының Әл-Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар бір туар талант иесі. Ақын поэзиясы талай жүрекке от берді. Оның өлеңдері бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды. Бар қазақтың жүрегіне жол тауып, ұлысымыздың «мәңгі өлмес рухани асыл мұрасына» айналды. Мұқағали өзінің жүрек жарды ойларымен жан сарайыңды ашып, ішкі дүниеңді дүр сілкіндіретін жыр күмбезін өз қолымен орнатып кетті.

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Абылайхан БАЙЖҰМА, 1 курс студенті

Авторлары
Болат СайланАбылайхан Байжұма

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 109 оқылым