Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Фитбокс жаттығулары және оның ерекшеліктері

Гулзия
2 мин оқу 37 оқылым

     Фитбокс – бұл аяқ және қолмен бокс тұлыбына жылдам соққылаудан тұратын топтық жаттығу. Фитбокстың ерекшелігі неде? Бұл жаттығулардың артықшылығы - белгілі бір бұлшықетке салмақ түсіру арқылы, жан-жақты физикалық дамуға және өзін-өзі қорғау дағдыларын меңгеру мүмкіндігі. Дегенмен, мұндай спорт түрімен кез келген адам айналыса алады деп ойлау қате. Мұндай жаттығулар қимыл-қозғалысы белсенді адамға және негізгі физикалық дайындығы бар жаттығатын адамдарға ұсынылады.

Фитбокс пен классикалық бокстың арасында айырмашылықтар бар. Көбінесе фитбокс «жеңіл бокс» немесе аэробты бокс деп аталады. Ол жерде контактілі жекпе-жек болмайды, рингте бір-біріне қарсы шықпайды, жаттығуға қатысушылар спаррингке қатыспайды. Жаттығулар негізінде калорияларды жағуға бағытталған. Бір сеанстық жаттығуына адам шамамен 1000 ккал жұмсай алады. Яғни, басты назар аударатын нәрсе белсенді соққылар мен секіру жаттығулары. Олар төзімділікті дамытуға көмектеседі, ондай қасиет кейде күнделікті өмірде жетіспей жатады.

Сонымен қатар, 88 жылдық тарихы бар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, спортшыларды да дайындауда таусылмас білім ордасы. Мен Қазақ Ұлттық Университетінің «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің 1 курс магистрантымын. Магистрлік диссертациям бойынша фитбокс жайлы ақпараттармен бөлісіп отырмын.

Фитбокс сабақтары арнайы жабдықталған фитнес орталықтарында өтуі керек, сабақтарға арналған негізгі құрал – бокс тұлыбы, жаттығатын адам жаттығуларды арнайы қолғаппен орындауы қажет. Фитнес-боксқа арналған жабдыққа, формаға қойылатын негізгі ерекшеліктері мен мынадай талаптар қойылады:

  • Фитбокстың соққыға арналған қабы жұмсақ болады, ол бокстың қабымен салыстырғанда жеңіл болуы керек. Дәл осындай күйінде ол денені көгеруден, жарақаттан қорғайды. Жаттығу кезінде қолдың буындары зақымдалмайды;
  • Классикалық бокс қолғаптары қолданылады; қарапайым бокс таңғыштары бар қолғаптарды пайдалану маңызды, олар қолдың буындарын жарақаттан қорғайды;
  • Фитнес-боксқа арналған киім мен аяқ киім ыңғайлы болуы керек және қозғалысты шектемеуі керек.

Фитнес-бокс жаттығулары қиын өмірлік жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Өзін-өзі қорғаудың қарапайым әдістерін үйренуге көмектеседі. Жаттығуларда жекпе-жек өнерінің элементтері, соққы техникасының негіздері, қорғаныс принциптері, шабуыл кезінде қозғалу, жаудың соққыларынан қалай аулақ болу керек сияқты әдістерде қамтылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

П.ғ.к., аға оқытушы Шепетюк Н.М.

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің

1 курс магистранты Ешенов Е.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Гулзия

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тәуелсіздік бәрінен қымбат!

Тәуелсіздіктің 31 жылдығы қарсаңында магистранттар «Тәуелсіздік тұғырым» атты дөңгелек үстел өткізіп, егемендік жолындағы күрес пен Желтоқсан оқиғасының маңызын талқылады.

Гулзия 2 мин 89 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым