Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ежелгі Македония.

Bilimger Media
3 мин оқу 1 005 оқылым

          Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын,

басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім Александр

Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту.

Дамытушылық: Тарихи даталармен, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Соғыс  атаулыға жек көрушілік тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: география, қазақстан тарихы, әдебиет.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

 Сабақтың әдісі:    тестілеу әдісі, ауызша баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: Карта, А.Македонский суреті, интерактивті тақта, тест парақшалары, кесте.

 Сабақтың барысы:

І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ол үшін тест парақшалары үлестіріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:

1.    Табиғат жағдайы мен халқы.

2.    ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.

3.    Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы.

4.    Парсы патшасын жеңу

1)    Македония  -  Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оны картадан көрсетемін. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.

Македония жерінде өмір сүрген тайпалар –  фракийліктер. Олардың бойы ұзын, аса қайратты келетін.

           Халқының  көпшілігі ерікті, жарым –жартыс тәуелді малшылар мен

егіншілер еді.

Негізгі шаруашылығы – мал өсіру, әсіресе  жылқы малын көп өсірген. Жері

орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы  да өркендеген.

2)    ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.  

ІІ Филипп  (б.з.б. 382-336 жж.) патша – Македонияның  бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.

Әскери реформа

                      

 Атты әскер                                             Жаяу  әскер                            Жаяу әскер

Македондықтардың әскери сап жүйесі – фаланга

ІІ Филипп парсыларға қарсы жорыққа әзірленіп жатқан кезд қастандықпен өлтірілді.

3)     ІІ Филипп өлтірілгеннен кейін,  оның орнына ұлы Александр Македонский (б.з.б.356-323 жж.) таққа отрыды.

220px-AlexandreTheGreat_Louvre

А. Македонскийдің   Шығысқа жасаған жорық кезінде  негізгі шайқастар.

Болған уақыты

Шайқас болған жер, елді мекен

Нәтижесі

Б.з.б. 334 жыл

Граник өзенінің жағасы

А. Македонский парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары  жаулап  алынды.

Б.з.б 333 жыл

Исса қаласының түбінде

Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы

ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді.

Б.з.б. 332 жыл

Египетке жорық

Александр Египетті соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала  - Александрия қаласының  негізін қалады.

Б.з.б. 331 жыл

Гавгамелы елді мекені түбінде

Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек-македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Александр бүкіл Парсы елін өзіне қаратты.

Б.з.б. 330-328 жж.

Орта Азия мен Қазақстан жеріне

Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды.  Сақтар жеріне ішкері ене алмады

Б.з.б 328 жыл

Үнді өзенінің жағалауы

Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. А.Македонский көптеген шығынға ұшырады.

Б.з.б 324 жыл

Он жылдық жорық аяқталды.

Александр әскерімен Вавилонға келді.

Б.з.б. 323 жылы “Азияның патшасы” атанған Александр Македонский кенеттен

науқастанып қайтыс болды. Ол қайтыс болғанда небәрі 33 жаста болатын.

Александр өлімінен кейін оның империясы бірнеше патшалыққа ыдырап кетті.

Солардың ішінде ірілері : Египет, Сирия және Македония.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.    Ежелгі Македония жерін картадан көрсет.

2.    ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты туралы әңгімелеңдер

3.    А.Македонский мен ІІІ Дарий арасындағы негізгі шайқастарды ата? Оны картадан көрсетіңдер.

4.    Александр қайтыс болған соң оның империясы қандай өзгеріске ұшырады?

V.  Оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:   Ежелгі Македония.

Кесте толтыру

Мекендеген жері

Македондықтардың түр-сипаты

Негізгі

шаруашылығы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 009 оқылым