Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе «Өз мамандығым - мақтанышым!»

Турлубекова Жадыра Куандыковна
4 мин оқу 794 оқылым

Турлубекова Жадыра Куандыковна

ХХI ғасыр  білімділер  ғасыры  болғандықтан,  бүгінде  заманға  сай зерделі,  ой  - өрісі  жоғары,  жан -  жақты  дамыған  ұрпақ  қалыптастыру  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса  маңызды  міндеті  болып  тұр.  Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні -  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында  беріледі. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты  Қазақстан Республикасының Үкіметінің   бекіген, мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізінде   мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы  жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынылған.

Оқу  әрекет  қызметін дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау  болып  табылады.

Мектеп алды даярлықтың  ұйымдастырылған    оқу  қызметі 8 тарауға бөлініп,  тақырыптары   құрастырылған және әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады

  1. Мен кіммін жəне қандаймын?
  2. Мектепке не үшін барамыз?
  3. Менің айналамда кімдер бар?
  4. Менің айналамда не қоршап тұр?
  5. Жолдар бізді қайда бастайды?
  6. Салт-дəстүрді білу не үшін керек?
  7. Мен үшін не дəмді жəне пайдалы?
  8. Денсаулықты қалай күту керек?

.  Мектеп алды  даярлық топтарында, отбасында жəне қоршаған ортаны баланың өз бетімен зерттеуі арқасында  алған мəліметтері мен  əліпби тану кезеңінен бастап, алғашқы əдеби-теориялық ұғымдарының  пəн сапасын оқушыға түсінікті  бере отырып,  дайындық кезеңдері де сатылы кешенді түрде қарастырылған.

Баланың  бойындағы жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып, олардың  өнегелі  де  өнерлі  болып  тәрбиеленуіне  тәрбиешілердің  еңбегі  зор демекпін..

Мен  « Бірлестік орта мектебі» КММ   мектеп алды даярлық  тобында  тәрбиеші  болып  жұмыс істеймін.

«Бала-  балқыған қорғасын» деген Абай даналығын көкірегіме түйіп, тәрбиеші  мамандығын  таңдадым. Жалпы адам баласы  тәрбиеші  болу  үшін тәрбиені  ұғынған  адам  ғана  емес,  айналаны,  қоршаған  ортаны  тәрбиелей  алатын  жанға  айналу  керек.

«Бақытымның  бастауы,

«Балдырғаннан  басталды»

Таза,  пәк  оқушыларымды   көргенімде бәрін  ұмытып ,жүрегіме  жылулық  ұялайды. Бүгінгі  таңда  балалар  менің  өз  отбасыма  айналып  кетті. Олардың    бал  күлкісімен,  әрбір  басқан қадамдары мені  алға  жетелеп  келеді. Балалармен  ойнап,  құласа  демеп, жыласа  жұбатар  дос  боламын, әрі кейде  сырласып та  аламын. Кей  кезерде оқушыларыммен  сөйлесіп  демалып  та  қаламын.Мен  үшін  оқушыларымның  былдыр  тәтті  тілімен  амандасқандарын  осы  кезге  дейін  қаншама  рет естісем де ,  мен  үшін  қымбат  та  қадірлі. Таңертеңгі  қабылдау  сәтінен  бастап, ертеңгілік  жаттығу,  шаттық  шеңбері, серуен,  ұйымдастырылған  оқу қызметі  барысында   оқушылардың бал  тілмен  қойылатын  сұрақтары ,  ойнап  жүріп  образға  кіретін түрлері  «бір  нәрсені  білсем», «көрсем», «ұстасам», «зерттесем»  деген  құштарлық  шабыттары мені  жаңа  әлемге  енгізгендей  болады. Мысалы: ұсақ қол моторикасын дамытуға, дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуға, танысатын дыбысқа байланысты сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құрастыруға, тіпті қолөнерге баулуға, балалардың «бəрін білгім келеді» деген қызығушылықтары мені  алға  жетелейді.   Ертегілерді  сомдағаны, ән  айтып , би  билеп  көрсеткен  өнерлері,  ұйымдастырылған оқу  қызметі  барысында  алған  әсерлері   маған  бір күннен  бір  күніме  жігер  , шабыт  береді.

Оқушыларымның   көзімен  мен суретшімін, мүсіншімін, мұғаліммін, жаттықтырушымын, бишімін, әншімін. Бірақ  мен  осы  қасиеттер  табылатын  жай  ғана  тәрбиешімін. Олар  үшін  мен  дара  түлғамын. Француз ағартушысы Жан -  Жак  Руссо: « Бала  туғанда ақ  қағаздай  болып,  таза  туылады,  оның  үстіне  шимайды  қалай  салсаң  ,сол  сияқты  өзің  қалай  тәрбиелесең,  ол  да  солай  тәрбиеленеді» деген. Сондықтан  бала  жүрегіне жылулық  ұялатып, қабілетін  дарынын  ашу, әр  тәрбиешінің  алдына  қойған  міндет  деп  білемін. Ғұлама  Абай Құнанбаев: « Баланы  ең  әуелі  мейір  шапағатқа,  одан  соң  ақыл  парасатқа, ақырында  нағыз пайдалы  ғалымға ,  еңбекке  баулу  керек» дейді. Бүгінде  тәрбиеленушілерге мейірім  төге  отырып, биік  белестерден  көрінуіне  жауапты  екенімді  естен  шығармаймын. «Халқымызда  жас  келсе  іске»  деген  керемет  сөз  бар.Демек,  мен  бойымдаға  жігерімді, күш  қуатымды, жаңашылдығымды, талапты  әрі  талантты  оқушылар  тәрбиелеуге  жұмсаймын. Болашақта  өзім  тәрбиелеген оқушыларымды   биік  шыңдардан  көріп  жатсам,  мен  өзімді  зерделі   тәрбиеші  санаймын.

Балаларға  жан -  жақты  тәрбие  беру  үшін  «Берекені   көктен  тілеме ,  еткен  еңбектен  тіле  демекші  өзім  күн  сайын  ізденіс  үстінде  жүремін.  Қазіргі таңда  тәрбиеленушілердің  тәрбие  алып  қалыптасатын  орны  мектеп алды даярлық тобы  дейтін  болсақ, бүгінгі  тәрбиешілер   қазіргі заманға  сай,  білім  мен  тәрбиеге лайықты  болуы  керек. Тәрбиешінің  әрбір  жүріс  тұрысы,  қимылы, балаларға  үлгі  өнеге  берерліктей  болуы  тиіс. Сондықтан   оқушыларды  тәрбиелей  отырып,  өзім  де  тәрбиеленудемін. Сөзімді  қорыта  айта  келе  өз  мамандығымды  мақтан  тұтатын  тәрбиешімін. Бүгінгі  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде ізгілікке,  имандылыққа,  адамгершілікке  ,адалдыққа, еңбек  сүйгіштікке, ұлтжандылыққа   тәрбиелеу   менің  басты  міндетім.     Мен  үшін өз  мамандығым  үлкен  бақыт!

СҚО.Айыртау ауданы

«Бірлестік орта мектебі»  КММ мектеп алды даярлық тобы.

Турлубекова Жадыра Куандыковна

2018 жыл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Турлубекова Жадыра Куандыковна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым