Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе «Менің арманым- менің мамандығым»

Bilimger Media
2 мин оқу 4 998 оқылым

Ебілхан Мендігүл

Келешекте  қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы бір сұрақ кез- келген мектеп оқушысын толғандырар сұрақ.  Қазіргі таңда  мектеп табалдырығын  алғаш аттаған  бүлдіршіннен болашақта кім болғың келеді десең, ойланбастан дәрігер, мұғалім деп жауап береді. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Сол арманым бүгінгі таңда шыныққа айналды.  «Психолог дегеніміз кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады?  Осыдан бірталай уақыт бұрын психолог дегенді естісе адамдарда басқаша ой туындатын. Ал қазіргі таңда  психолог ұғымы, психологиялық көмекке жүгіну деген күнделікті бір сарынды іске айналды. Психолог мамандығы үнемі ізденісті, талпынысты қажет етеді. Психолог – баланың жандүниесін ұғынып, сол баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, баламен бірге өмір сүру керек. Іздегенде қасынан табылатын, сырлас досы болу керек. Сонымен психолог, ол кім? Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог-өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог- жәрдемші, психолог-көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.
Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Психолог-басқа адамның мәселесіне еніп, түсіне отырып, өзі бірақ бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға. Психолог-өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын адам. Психолог-өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Қазір мен балабақшада психолог бола жүріп, әр бір күн сайын бүлдіршіндер, ата-аналар, тәрбиешілерде кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білігімді шыңдау, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін психология мектебі. Жалпы мені қоғамдағы басты проблемалардың бірі жасөспірімдер мәселесі қатты толғандырады. Олардың ішкі жан күйзелісін түсіне отырып, заманның індетіне айналған суицид ауруымен күресіп, өскелең ұрпақты осы бір әбжыланның уытынан құтқарғым келеді.Соңғы кездерде психолог мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Бұл немен байланысты? Мұның себептері көп, көмекке жүгінген әр адамның-біреуі жалғыз және оның қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкімі жоқ, енді біреуі шынындада көмекке зәру. Қалай болғандада психолог көмегіне адам жүгінді. , яғни себебі бар. Психологтың жұмысы осы себепті табу, онымен тіл табыса отырып жұмыс жасап, оны жою тәсілдерін қарастыру. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін бар ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 15 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым