Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе "Мен жаңашыл ұстазбын!"

Аскарова Назгуль Оразкеевна
3 мин оқу 192 оқылым

ЭССЕ
Мен жаңашыл ұстазбын

Дайындаған: №13 «Амина» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы: Аскарова Н.О.

Ұстаз - осынау сөзді айтқанда, көкірегіме жылулық ұялайды.... Ұстаздық мамандыққа деген құмарлық, мені бүгінгі мамандыққа алып келген жол болды. Сонау балалық кезімнен бастап, алғаш қолыма қалам ұстатып, қырық екі әріпті танытқан, мейіріммен шуағын төккен, алғашқы мұғалімнің тұлғасына еліктеуші едім. Оны құдіретті күш иесіндей сезініп, сол мұғалімнің орнында болғым келетін. Оның тұлғасы, мен үшін қол жетпес армандай болатын. Енді міне арада бірнеше жыл салып, сол құрметті де қасиетті мамандық иесі атандым.
Бейтаныс бірін айтсам кісілердің,
Мендегі қуанышты түсінер кім
Мен кеше шәкірт едім ұстазымның
Ал бүгін ұстазымын кішілердің.
Ұстаз болу- баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету. Баланың денсаулығын сақтай отыра, оны нығайту. Мен – балабақшада дене шынықтыру нұсқаушысымын, яғни – ұстазбын. Баланың өсіп жетілуіне , жеке тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты тәрбие берумен қатар, бүлдіршіндердің өмірді танып-біліп , сезініп, түсінуі- денсаулыққа тікелей байланысты. Кез келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті , шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Міне , осы ретте мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру оқу қызметі де маңызды рөл атқарады. Өйткені дені сау, қимылы ширақ, өзін жеңіл де сергек сезіне білген бала ғана қатарының алды, оќушының озаты бола алады. Тәрбиеленушілердің денсаулығына ерте жастан назар аударып, көңіл білмесек, алдағы өмірдегі жоспары арман болып қалмақ. Мен балалардың мықты, епті, мақсат қоя білетін, жан-жақты дамыған, өзіне сенімді бола білуіне өз үлесімді қосуға тиіспін. Менің тәрбиеленушілерім барлығы бірдей спортшы болмай-ақ қойсын, менің көздегенім ол емес, ең бастысы балалардың денсаулығы, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып , бір-бірін қолдай білетін, ұжымда өзін ұстай алатын тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Балаларға жиі қоятын сұрағым: «Адамның өмірінде ең құнды, ең бағалы не?» сондағы еститін жауабым: «ақша», «алтын», «машина» т.б. Ал ,«денсаулық», «өмір» сөздері кейін айтылады, тіпті аталмай да кетеді . Сондықтан педагогтар, дәрігерлер және ата-аналар бірігіп, балалардың дені сау болуына , салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға ретінде қалыптасуына қол жеткізу керек.
Казіргі таңда балабақшаға келген тәрбиеленушілердің денсаулығында әр түрлі ауытқулар бар. Осы мәселе мені қатты алаңдатады. Балалар аз қимылдайды, олар көбінесе компьютерді ермек етеді. Әр жаңа күн балабақшада ғана емес, отбасында да таңғы жаттығумен басталғаны керемет емес пе ?!
Салауатты өмір салтын сақтауда біздің балабақшамызда да дене шынықтыру оқу қызметі ұйымдастырылып, мемлекеттік стандартқа сай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған оқу әрекетін өткіземін.
«Амина» балабақшасында төрт жылдан аса еңбек етіп келемін. Осы уақыт ішінде «Тәй- тәй, балақай» атты жоба құрастырып, тәрбиеленушілердің арасында мониторинг жүргізіп келемін. Чижин А.А. әдісі бойынша балалардың табан белгілерін анықтадым. Аталмыш жобаға 25 бала қатысты.Осы балалардың ішінен 36 % табандылық ауытқулары болды. Балалардың денсаулығын жақсарту , емдеу мақсатында жоспар құрастырылып, ата-аналар мен тәрбиешілер арасында жұмыс жүргізілді. Бір жарым жыл ішінде тәрбиеленушілер арасында өсу динамикасы байқалады. «Тәй-тәй, балақай» атты авторлық кітап басылып шықты. Егер ерте жастан бала денсаулығы мықты болып қалыптасса, ол міндетті түрде қоғамның нағыз азаматы болып өседі, ал дене шынықтыру және спорт оған көмектеседі. Аталған әдіс-тәсілдер мен технологиялар оқытудағы бірсарындылықты болдырмауға жәрдемедесіп, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына ықпал етеді. Өзімнің педагогикалық тәжіриебемде жұптық, топтық, ұжымдық оқыту түрлерін қолданамын. Күн сайын заман ағымына сай өз білімімді жетілдіруге тырысамын.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, қоғамымызды құрумызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы үшін күш салуға үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан болар «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» деп бекер айтылмаған. Олай болса , еліміздің болашағы –жас ұрпақ! Жас ұрпақтың дені сау болған жағдайда ғана болашағымыз жарқын болмақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аскарова Назгуль Оразкеевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым