Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе «Мен қазіргі заман педагогімін»

Айгул Кинешовна Касангалиева
2 мин оқу 88 оқылым

Жамбыл бастауыш мектебі

Шағын орталық тобының тәрбиешісі Айгүл Қинешқызы Қасанғалиева

Қазіргі қоғам қарқынды өзгеріп отыр, бұл білім беру жүйесіне де ықпал етіп, педагог қызметкерлерге жаңа талаптар қояды .Қазіргі заман педагогі деген кім? Менің пікірімше, педагог – өзінің кәсіби білімін тәжірибемен тиімді ұштастыра білетін, жаңашыл, ақпараттық ағында өз қызметін жетілдіретін, балалардың жан дүниесін танып, түсініп, бар жылуын сыйлаған тәрбиеші, білікті маман.

Педагогтің қоғамда алатын орыны зор. «Педагог» терминінің өзі – ұстаз, мұғалім, тәрбиеші сөзімен айқын түсіндіріледі. Педагог адамзаттың, қоғамның болашағын анықтайтын жауапты маманның бірі.

Заманауи қоғамдағы педагогтің ролі қандай? Мен қазіргі заман педагогі бола алдым ба? Әрбір кәсіби құзыретті педагог осы сұраққа жауап берердей қызмет етуге қадам жасайды.

Қазақстан Республикасында қабылданған «Педагог мәртебесі» Заңы да заманауи педагогке қойылатын талаптарды айқын қарастырған. Педагог алдында өз қызметі саласында тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеру, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру міндеті қойылды. Осы Заң аясында замануи педагог мәртебесін өзіміз құрметтеуге және қоғам сұранысына жауап беруге тиіспіз.

Міне, осы жауапкершілікті арқалаған менің мамандығым - мектепке дейінгі ұйым (шағын орталық) тәрбиешісі. Тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, бұл өте қызықты, әрі жауапты мамандық, яғни мен балаларды жақсы көремін, ал балалар мені жақсы көреді және менен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам олардың балалық өмірімен бірге өмір сүремін, табыстары мен әр жетістігіне қоса қуанамын.

Мен жаһандану үрдісіне қанат жайған мемлекетіміздің ертеңгі болашағы болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды ерекше мақтан тұтамын.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.

Бес асылымыздың бірі М.Жұмабаев: «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері тәуелсіз,татулығы жарасқан,байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болсада көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.

Заманауи тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашылдыққа ашық және өз шешімін қабылдай алатын тұлға болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, жан-жақты тұлға болуы керек.

Пікірімді түйіндей келе, тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айгул Кинешовна Касангалиева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 333 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым