Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 1 162 оқылым

Мен Мұғалім мамандығын таңдадым.

(Эссе)

Мамандықты сүйіп,қалап,жақсы көріп таңдау керек.Өмірде мамандықтың өте көп түрі бар.Әр мамандықтың өзінің ерекшелігі болады.Сенің таңдаған мамандығын сенің болашағың.Өйткені ,мамандық таңдау –өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мұғалім мамандығын таңдауда ата-анамның берген ақылын,ойларын тыңдап,мұғалім мамандығын таңдауды шештім. Барлық мамандықтың иесін тәрбиелейтін ол-мұғалім.Мұғалім мамандығы---барлық мамандықтың анасы.Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық.Мамандық иелерін тәрбиелейтін,оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.Мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын.Ал мұғалім болу оңай ма?Әрине оңай емес.Мұғалім болу –айтуға оңай болғанымен,нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді.Ұстаз жолы-қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың бірі.Осы ұлағатты мамандықтың ыстығына күйіп,суығына тоңып, абырой мен бақыттың иесі болған жандар олар –ұстаздар.

Ұстаз деген кім?Ұстаз –шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.Бүгінде ұстаз  болу,шәкірт тәрбиелеу –өмірлік мақсатыма айналғандай.Ұстаздық жолында жүрген жиырма жылда өз пәнімді сүйіп,оқушыларыма бауыр басып еңбек етіп келемін. Алғашқы еңбек жолымды Романовка орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым.Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым осы мектепте басталды.Қазіргі  таңда жұмыс атқарып жүрген Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде ұстаздық жолымды жалғастырдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік,сыпайлық, адамгершілік,еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттерді бойыма сіңірдім.

Ұрпақ болашағының кілті-ұстаз қолында.Ұстаз елдің ертеңгі тізігінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді.Ұстаз мамандығы киелі.Жан –Жак Руссоның «Ұстаз болу- өз уақытынды аямау ,басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жылы .Шәкірті өзінен озған ұстаз –еңбегі ақталған ұстаз.Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Мамандығым өзімме қатты ұнайды.Шәкіртерімнің жүрегіне жол тауып,оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл ұстаз үшін зор бақыт,үлкен қуаныш.Алдымыздағы әр бала қайталанбас бір ғажайып әлем.Ал сол балалардың жүрегіне,жандүниесіне жол таба білу – біздердің ,ұстаздардың борышымыз.Мейірімділік,шыдамдылық,кешіре білу,баламен тең жағдайда сырласа білу,оның мүмкіндіктеріне сене білу,әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана ұстаз өз мәртебесін көтере алады.Балаға үнемі қолдау көрсету-үлкен ұстаным. «Мұғалім – адам жанының  инженері» деп бекер айтылмаған.Бала темір емес,робот емес,ол – өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға.балаға сіздің көз қарасыңыз ,жылы жүрегіңіз,ыстық ықыласыңыз өте қажет.Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады.Мен шәкірттерімнің биіктерге қол жеткізгеніне шексіз қуанамын.

Мұғалім –қазір елімізде қадірлі жандардың бірі.Білім сапасы- мұғалім қызметінің  жетістігі.Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары ,ертеңгі ел иесі –алдымыздағы шәкірттеріміз. Әр шәкірттерімнің жетістікке жетуі -ұстаздың еңбегінің жарқырап жанғаны,саналы өмірінің еш зая кетпегендігін көрсетеді.Ел ертеңі үшін еңбек еткен ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім.Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершіліктің жүгін арқалап келе жатқандар ұстаздар.Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен білімді санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.Нағыз мұғалім, міне , осы.Адам тәрбиелеу-ұлы міндет.Ол міндетті атқарушы – ұстаз.

Ұстаз болу –сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректің батылдығы,

Ұстаз болу –мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы деп Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет.

Кейбір мамандықтар сұранысқа ие бола бермейді,мұғалім мамандығы әрдайым қажет. Қазіргі таңда мұғалім мамандығына баратын жастар өте көп.Биылғы жылы оқуға тапсыратын мектеп бітірушілердің көбі мұғалім мамандығын таңдаған.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.Өз ісінің білгір маманы болғанға не жетсін!Мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін.Мен- ұстазбын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым