Қорытыңды ҰОҚ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№7«Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Нурекенова Карлыгаш Салыковна
Білім беру саласы:Коммуникация, Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту+көркем әдебиет+шығармашылық.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат .
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жыл мезгіліндері туралыбілімдерің пысықтау, жабайы аңдар туралы алған білімдерің тиянақтау, жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жануарларды ,табиғатты қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне деген көмек көрсете білу сезімдерін нығайту.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, драматизациялау.
Оқыту құралдары: Аңдар, шырша, ойыншықтар, суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Билингвалдық компонент: аю-медведь, қонжық-медвежонок, қоян-заяц, көктем-весна, орман-лес, қасқыр-волк.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс—әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балалар енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы-жылы лебіздемізді білдірейік. |
Әдемі әуенмен балалар музыка залына кіреді, жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасады. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
-Балалар жылаған дауыс естілетін сияқты. -Ал, балалар қонжыққа анасын табуға көмектесеміз бе? -Көктем мезгілінен басқа қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Д/ойын -Жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтылады -Балалар орманға бармас бұрын сергіту жаттығуын жасайық, қонжық та сергіп қалсын. Он сидит глядит в окошко Заяц мимо пробежит Тук-тук-тук Дверь открой Там влесу охотник злой Заяц-заяц забегай Лапу мне давай. -Ал енді сиқырлы желдің көмегімен орманға жылдамырық жетейік. (желдің әуені ойналады) Сылдырдан қорқады Орман жалпақ даладан Шырша саясы – күркесі Өзі айлакер, өзі қу Сұрғыл тартқан түсі бар -Балалар естеріңе түсті ме бұл қай ертегі кейіпкерлері? -Балалар енді Маша қызды қайдан іздеу керегін білеміз ба? Ата мен әженің үйіне Машаны апарады. Қуанған ата мен әже балаларға бауырсақ таратады. |
Қонжық - Мен анамнан адасып қалдым. -Ия, ол аюдың баласы. -Күз,қыс, көктем, жаз. -наурыз,сәуір,мамыр. -Көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштарда жапырақтар шығады. -Күз мезгілінде жапырақтар түседі, жеміс-көкіністер піседі. -Қыста күн аяз болады, қар жауады. Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап, әуен ырғағымен айналады. -Ағаштар, құстар, қалың шөптер. -Қоян -Аю -Тиін -Түлкі -Қасқыр -Апай бұл қоян ғой, қорқып отырған . Геометриялық пішіндерден қоянға үй жасап береді. -Қызымыз Маша жоғалып кетіп соны іздеп жүрміз. Балалар Маша мен аю ертегісін сахналайды. Аюдың үйінен. Аю -Бұл кім мені мазалап жатқан? -Ой шынымен менің қонжығым табылды ма? Қонжығым табылмайтын шығар деп Маша қызды өзіме қыз қылып алып едім. Енді кішкентай қонжығым табылғасын Маша қызды жіберейін. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Бүгін біздер қайда бардық? -Қандай ертегіні сахналадыңдар? |
-Орманға. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Адамдар бір-біріне қиын жағдай туғанда көмектесу керек екенін білді. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтты. Орманда мекендейтін жануарларды біледі.
Меңгереді: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа қамқор бола білу. Ертегікейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнауды еңгерді, тілдері дамыды, сөздік қорлары молайды.
Істей алады: Киын кезде бір-біріне көмек көрсете алады, ертегі рөлдерің сахналай алады.
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Автор
Карлыгаш