Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ертегілер еліндегі шалқан»

Автор

Аскарова Динара Амангельдиновна
2 мин оқу 47 оқылым

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» , «Коммуникация»
Оқу іс- әрекеті: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып диалогты сөйлеуін,әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.
Білімділік: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру,әртүрлі тапсырмалар орындату, жұмбақ жасыру,бейне тақта арқылы ертегі желісі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық:Ақыл-ой,ес,зейін қабілеттерін,диалогты сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Шалқан ертегісінің макеттері(Ертегі кейіпкерлері бетпердесі, талдар, сиқырлы қорапша,бейне тақта,түрлі фишкалар, шартақ макеті,табиғи гүлдер, лазер.)
Әдіс-тәсілдер: Сөздік, көрнекілік көрсету, дамыта оқыту.
Сабақ барысы: Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік, бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған текен қош келдіңіздер біздің ғажайып ертегілер еліне,қане балалар амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Балалар ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен, бізде күн салқын болғанмен бұл жерде жылырақ екен бірақ мұндада жапырақтар сарғайып түсіп қалыпты жапырақтар сарғайса , күн салқындаса қандай мезгіл болғаны?
Балалар: Күз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ертегілер елінде де күз мезгілі екен қане олай болса біз тоңбау үшін бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.
Жүрек жылуы:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Сиқырлы қорап табылады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? (ой толғау) Балалар жауабы. Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр кім маған күз туралы тақпақ айтып береді мүмкін сол кезде ашылар. Балалар тақпағы.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер,түсті суретті фишкалар)
Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға фишка беремін
-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Сергіту жаттығуы: массаж «Әжемізге салат жасайық»
Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.( Шалқанға сыйпаттама беріп кету.) Алдымен шалқан ертегісін бейне тақта арқылы есімізге түсірейік.
Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды. Бейне тақта тапсырмаларын орындау. (Әр тапсырма орындалған сайын асты ашылып отырады бәрі ашылған соң астынан шалқан суреті шығады)
–Ертегідегі шалқанды кім екті?
1.Ата
2.Әже
-Немересі көмекке нені шақырды?
1.Мысық
2.Ит
3Тышқан
-Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?
1.Қыз
2.Мысық
3.Тышқан
-Шалқан көкөніс пе жеміс пе? (тапсырмалар астынан шалқан суреті шықты) Тәрбиеші: Балалар ненің суреті шықты? Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің ертегіміз орыс халқының ертегісі «Шалқан» деп аталады екен.Олай болса біз шалқанды өзіміздің ертегілер топтамасына қосып қоялық.
Жұмбақ шешуі шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады. (мысық)
Қортынды. Балаларды мадақтау,жинаған фишкаларын санатқызу.
Бағалау. -Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, ғажайып ертегілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін және тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін бақшаға сендерге сыйлыққа сиқырлы дәндерін қалдырып кетіпті қане ыдысымызға дән алып отырғызып тобымызға өсіріп баптауға алып кетейік.Енді тобымызға қайтайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аскарова Динара Амангельдиновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин