Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 646 оқылым

Қуат Жанар Балғалиқызы

Мектепке дейінгі шақ балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады.Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды. Оның көркемдік талғамын, еліктеу мен қиялын дамытады.Өзінің көрерменімен әр бір жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсесімен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Балабақша тәрбиеленуішілерді  тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде  сахна (театр)  ерекше рөл атқарады.Сахналандырылған ойындар, ойын-қимылдары болып саналады.Өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие,сондықтан балалар белгілі бір кейіпкерлерді ойнайды. Театр ойындары  арқылы  көрсетілетін әр-түрлі  іс-әрекеттер, қимыл- қозғалыстар балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жанашырлық  қасиеттерін  тәрбиелеуге  жағдай жасайды және әлемді тек ақылмен  ғана емес, жүрекпен де тани білуге  үйретеді.Әр түрлі  ертегілер балалардың   қызығушылықтарын  арттырады  және   олардың  тілдеріндамытады.Мектепке   дейінгі жас балалардың  қабілеттілігін, бейімділігін  және сондай-ақ тілінің  дамуына  өте оңтайлы  кезең. Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  театрландырылған  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  балалар  шығармашылығын  және  білім  алудың   жаңа  қабілеттері  мен дағдыларды  үйренуге  жағдай жасаумен  қатар, балаға  өмірде  өзінің  тиісті  орнын  табуға  көмектеседі.өзін - өзі  көрсете  білуге ықпал жасайды.Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру.Өздері білетін ертегілерді драмалауға дағдыларын дамыту.Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру. Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіру дағдылырын дамыту.Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру.Сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту.Сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара ертегі әңгіме

желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің көмегімен айтуға үйрету.
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда  баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар рөлдік ойындардың тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған
.

Авторы
Қуат Жанар Балғалиқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 14 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин