Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ертегілер әлеміне саяхат «Үш дос» ертегісі

Автор

Калдыбаева Ляззат
3 мин оқу 3 044 оқылым

Калдыбаева Ляззат

Ертегі  сабақ

Тақырыбы: «Ертегілер  әлеміне  саяхат. «Үш  дос»  ертегісін  сахналау».

Мақсаты:Балаларды  ана  тілімізді  құрметтеуге, сөздік  қорларын  молайтып, тіл мәдениетін  жетілдіре  отырып,  байланыстырып  сөйлеуге  дағдыландыру,  адамгершілікке,  достыққа  және  эстетикалық  танымын  тәрбиелеу.

Зал  әсем  безендірілген,  көңілді  әуен  ойналады.

Жүргізуші:      Ерте,  ерте,  ертегі,

Ертегі  сыр  шертеді.

Ерте,  ерте,  ертеде,

Ешкі  жүні  бөрте  екен...

Ертегіні  бастайық,

Қиялдап  бір  тастайық.

Қыздардың  орындауында  «Кеселер»  биі.

Жүргізуші:Балалар,  сендер  ертегіні,  ертегі  тыңдағанды  жақсы  көресіңдер  ме?

Қандай  ертегі  білесіңдер?  (Балалардың  жауабы )

Қазір  « Үш  дос »  ертегісінің  қойылымын  тамашалайық.

« Үш  дос »  ертегісі

Баяғы  өткен  заманда  қозы,  лақ,  бұзау  өмір  сүріпті.  Үшеуі  дос  болыпты.  Бір  күні  лақ  достарына  былай  депті:

-Достарым,  білесіңдер ме, күн  кеш  батқанда  анау  таудың  артына  тығылады.  Көрдіңдер  ме?

Қозы: Иә,  мен  көрдім.  Мә-мә-ә-ә

Бұзау: Менде  көрдім.  Мө-ө-ө-мөө

Сонда  лақ  тұрып  былай  дейді:  Күннің  қайда  тығылатынын  өз  көзімізбен  көрейік,  келісесіңдер  ме  достарым...

Қозы: Мә-мә-ә-ә,  мен  қуана-қуана  барар  едім,  бірақ  аналарымыз  жібермейді  ғой...

Бұзау: Мө-ө-ө-мө-ө  иә,  жібермейді,-деп  мұңаяды.

Лақ: Онда  қашып  кетейік.

Үш  дос  күннің  қайда  тығылатынын  көруге  отарынан  қашып  кетеді. Күн  ерекше  жарқырап,  шуағын  шашып,  гүлдерін  хош  иісі  аңқып,  табиғат  өз  сұлулығын  сыйлап  тұрғандай.. Үш  дос  келе  жатып,  өзенге  тап  болады. Сонда  аңқау,  қорқақ  бұзау:  Енді  не  істейміз?-мө-ө-ө-мөө

Шапшаң  лақ: м-ә-м-ә-ә-ә,  секіріп  өтеміз.

Бұзау: мө-ө-ө-мө-ө,  мен  қорқамын, -деп  жыламсырайды.

Қозы: Мә-мә-ә-ә, менде  қорқамын.

Батыр  лақ  тұрып  өзеннің  арғы  бетіне  секіріп  кетеді,  лақтың  артынан  қозы  мен  қорқақ  бұзау  секіреді.

Жер-Ана,  ұлан-ғайыр  кең  дала! Үш  дос  кең  алқапта  өскен  көп  ағаш,  қалың  тоғай, орманнан  өтеді. Кенеттен  олар  дорба  тауып  алады. Дорбаны  ашып  қараса,  іші  аңдардың  терілеріне  тола  екен. Сонда  лақ  тұрып:

-Бұл  дорба  бізге  керек  болады,  өзімізбен  бірге  ала  кетейік,-дейді.

Үш  дос  дорбаны  өздерімен  ала  кетеді.Өз  сапарларын  ары  қарай  жалғастырады. Үшеуі  келе  жатып,  киіз  үйді  көреді. Киіз  үйді  жан-жағынан  қарап,  бақылап  есігін  ашып  қалса,  ішінде  аю  ет  жеп, қасқыр  бауырсақ  жеп, түлкі  ән  салып  отыр  екен.

Сонда  түлкі: Достарым, келіңдер, отырыңдар, төрлетіңдер-дейді.

Аю: Қайда  бара  жатырсыңдар  достар?

Бұзау: Базарға  тауар  алып  бара  жатырмыз. Мө-ө-ө-мө-ө

Қозы: Мә-мә-ә-ә  мына  терілерді  сатуға  бара  жатырмыз-деп  тауып алған  дорбадағы  терілерді  ала  бастайды. Сасқан  аңдар  бір-бірлеріне  қарайды.

Қасқыр: Ойбай, біздің де терілерімізді алмай тұрғанда қашайық-дейді.

Сонда қу түлкі: Қашқанда не бар одан да барлығымыз дос болайық-деп үй төлдері мен аңдарды достыққа шақырады.

Түлкінің бұл ұсыныс-тілегін қасқыр аю және үш дос қоштай келеді. Осылай қасқыр, аю, түлк, бұзау, лақ, қозы дос болады.

Үш дос күннің қалай кеш болып қалғанын байқамай күннің қайда тығылатынын іздеуді ұмытып қосқа қайтып оралады. Әбден іздеген бақташылар қайтып оралған төлдерді көріп қуанады.

Рөлде ойнаған балалар:

Лақ - Томирис                   Түлкі - Камила

Қозы - Ұлданай                  Қасқыр - Ернар

Бұзау - Әділет                     Аю - Аружан

Жүргізуші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертегі  не  туралы?

- Ертегі  қалай аяқталды?

Томирис: Жақсылыққа, бақытққа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ұлданай: Әдемі ел- тірегі,

Бізді өзіне елтеді

Тезге салып бұзықты,

Тербетеді еркені.

Жүргізуші:Кішкентай өнерлі қызымыз Аружанның орындауында «Ертегілер» әнімен бүгінгі мерекелік ойын сауықты аяқтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Калдыбаева Ляззат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин