Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психодиагностика жүргізу барысында әдістемелерді таңдай білу

Автор

Самбетбаева Бағила Болатбайқызы
1 мин оқу 56 оқылым

Самбетбаева Бағила

Мектептегі педагог-психологтың қызметінің біріне инклюзивті білім алатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес диагностикалық жұмыстар жүргізіп, түзету-дамыту бағдарламасын құру кіреді. Кешенді психодиагностика ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға оқу жылында 3 рет жүргізіледі.

  1. Оқу жылының басында баланың жалпы деңгейін анықтап, оқушымен жүргізілетін түзету дамыту сабақтарының жоспарын құру мақсатымен;
  2. Аралық диагностика. Оқу жылының ортасында жүргізілген түзету сабақтарының тиімді не тиімсіз екенін анықтау мақсатында;
  3. Қорытынды диагностика оқушымен жыл бойы жүргізілген түзету сабақтарының нәтижесін қорытындылау мақсатында. Аталған психодиагностика нәтижелері оқу жылы басындағы психодиагностика нәтижелерімен салыстырылады.

Оқушыны зерттеу барысында әдістемелерді дұрыс таңдау диагностика нәтижесінің обьективті шығуына әсер етеді. Осы ретте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушының ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, оқушының логикалық ойлау деңгейін анықтауға арналған “Артығын тап” әдістемесін егер оқушының құлағы нашар еститін болса - суреттер арқылы, көзі нашар көретін оқушыларға осы әдістемені керісінше ауызша пайдалануға болады.

Егер оқушының ерекшелігі зейінінің тұрақсыздығында болса әдістеменің түрлі-түсті суреттермен және тапсырмалардың ауыспалы болғаны дұрыс. Керісінше, тапсырманы түсінуге ұзақ уақыт қажет ететін оқушыларға әдістеменің бірқалыпты болғаны дұрыс.

Жалпы кешенді психодиагностика барысында оқушының ұсақ моторикасы, оқуға деген қызығушылығы, өзін өзі бағалау деңгейі, егер бірінші сынып оқушысы болса мектепке дайындық деңгейі, оқушының психоэмоционалдық жағдайы, танымдық қабілеттері және жеке бас қасиеттері зерттеледі. Психодиагностика қорытындысы арнайы бланкке толтырылып, оқу-тәрбие жұмыстары бойынша ұсыныстар жазылады. Қажет болса, ППҚК қызметкерлеріне кеңестер беріледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Самбетбаева Бағила Болатбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Психология

Инклюзивті білім беретін мектептерде психологтың психологиялық түзету-дамыту сабақтарының мазмұны

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды…

Самбетбаева Бағила Болатбайқызы 7 708 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 13 оқылым 3 мин
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 103 оқылым 8 мин
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 43 оқылым 1 мин
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 74 оқылым 4 мин