Мазмұнға өту

Ерекше баламен – ерекше жұмыс

Заит Аяжан Боранбаевна 4 мин оқу 218 оқылым

Заит Аяжан Боранбаевна
Педагог-ассистент
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, МКҚК «Жұлдыз» балабақшасы

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – инклюзивті білім беруді дамыту болып табылады. Әр бала қайталанбас тұлға, сондықтан оның даму ерекшеліктерін ескеріп,  жеке қабілетіне сай қолдау көрсету – педагог пен ата-ананың ортақ міндеті. «Ерекше бала» ұғымы – денсаулығында және дамуында белгілі бір ерекшеліктерімен ерекшеленіп, бірақ,  қоғам өміріне толыққанды қатысуға құқығы бар жеке тұлға деп білемін. Сол себепті де мемлекет тарапынан инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлініп жатыр.  Ерекше балалардың мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік берілуде. Елімізде диагнозы бар балалар, жасына сай кеш дамып жатқандар, сөйлеу тілінің кеш шығатын балалар және  аутизм спектрінде бұзылу күн санап артып келеді.

Елімізде білім беруге инклюзивті қолдау енгізу мақсатында «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы жұмыс істеп, мен тұратын Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап «педагог – ассистент» қызметі енген болатын. Мен қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітіріп, тұрмыс құрып одан соң кішкентайлы болып, бір ұл және бір қыз тәрбиелеп 5 жыл көлемінде үйде декретте отырған едім. Мектепте бос жұмыс орын болмай, балабақшаға жұмыс іздеп барғанымда, осы қызмет жайлы толығырақ маған түсіндіріп, жұмыс істеймін деп шешім қабылдадым. Алғашында аздап қорқыныш болды, өйткені, бұл өте жауапты жұмыс. Оның үстіне, бұрын ерекше балалармен жұмыс істеп көрген жоқ едім. Балабақша әдіскерлері тәжірибемнің жоқтығы керісінше жаңа ұжыммен бірге кәсіби дағдылануға көмектесетінін айтты.  Менің ойымша, өмірдің өзі мені ерекше балалармен жұмыс істеуге дайындағандай.  Өйткені, өзімнің тұңғышым ұлым Жантөренің тілі кеш шыға бастап, мен үйде өзім қосымша айналысатын едім. Балабақша тәрбиешілері және қосымша логопед және дефектолог мамандарымен қатар үйде де ұсақ қол моторикасы ойындарын ойлап тауып, артикуляциялық жаттығуларды қайталатып үзбей жұмыс жасап, тілі анық болмаса да шықты. Қазіргі уақытта да керекті мамандардан сабақ алып қосымша үйде жұмыс жасаудамыз.  Сондықтан осы жұмысқа келгенімнің өзі тағдыр деп білемін. Қоғамның адам өміріндегі рөлі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсініп келемін.

Қазір 7 ай көлемінде осы балабақшада педагог-ассистент болып жұмыс істеймін. Біздің балабақшада әр түрлі кеш дамыған балалар бар, соның ішінде 3 топта үш түрлі ерекше қолдау қажет балалар бар. Ендігі біздің басты мақсатымыз – сол балаларымызға барынша қоғамға жылдам қосылып, қатарынан қалдырмай, көмек көрсету болып табылады. Ерекше балалармен жұмыс істеу оңай емес. Жұмыс барысы үлкен ұстамдылықты қажет етеді. Балаларға тым жұмсақ, қатаң да болуға болмайды. Тепе-теңдік сақталуы  қажет. «Ерекше балалармен жұмыс істеу барысында педагог шыдамды, ұстамды, жауапты және жан-жақты болуы керек. Өйткені, нәтиже бірден болмайды. Уақыт керек. Сабырлылыққа қатысты бір мысал, кейде біздің сол ерекше балаларымыз өзімізді сынап та алады. Бұл жағымсыз мінез-құлықтың көрінісі түрінде болуы міндетті емес. Балалар мен сол тағайындалған педагог – ассистент  бір-біріне үйреніп кетеді. Кейде сезімге беріліп сәл сәтте әлсіздік танытуымыз мүмкін.  Бала оны бірден ұстап қалады және оны өзімізге қарсы қолдана алады. Шектен тыс мінез – құлық танытып, итеріп немесе ұрып қалуы да мүмкін. Сондықтан өзіңді ұстай білу өте маңызды.

Мен ЗПР және ОНР II диагнозы бар, аутизм енді басталып келе жатқан, дәрігерлер мүгедектік тағайындап берген баламен жұмыс жасаймын. Бұл бала жасы 5-те болса да сөйлеу тілі мүлдем жоқ, мінез – құлқында бұзылысы бар. Бірақ, ешкімге қатты зиян келтірмейтін ерекше бала. Жұмыс тұрған сәттен түрлі онлайн және оффлайн инклюзия курстарын оқыдым. Арт – терапия жайлы семинарларға қатысып, инклюзия саласын күнделікті ізденумен оқи отырып жұмыс жасап келемін. Ерекше бала деп бөлектетпей, күнделікті балабақша өміріне қатысуға қолдау білдіріп, көңіл-күйі ауысқанда тыныштандырып, сөйлеу тілінің шығуына жаттығулар мен ойындар жүргіземін. Оның ішінде тоқтала кетсем, физикалық жағынан секіру, тепе-теңдікті ұстау, аттау, еңбектеу жаттығуларын жасаймыз. Одан бөлек тыныс алу жаттығулары, үрлеу, ірі және ұсақ қол моторикасын күнделікті жетілдіріп келеміз. Балабақша логопед маманымен бірлесе отырып, логомассаж артикуляциялық жаттығулар жасаймыз. Эмоциясын, көңіл – күйін бір қалыпты ұстау мақсатында балабақшадағы психологпен терапия ойын – жаттығуларын жасатамыз. Осылайша 7 ай ішінде бала ақырындап сәл де болса дамып келе жатқан секілді. Біз тоқтатпай жұмыс жасай береміз. Бұл сәтте және де ата – ананың алатын орны да ерекше деп білемін. Ата – ана қолын сілтемей, үйде де айналысатын болса, нәтиже болады деп ойлаймын. Бірақ, әрине айтып кеткенімдей оған уақыт керек.

Қорыта келгенде, ерекше баламен – ерекше жұмыс, бұл үлкен жүректің, шыдамдылықтың және кәсіби шеберліктің жемісі. Мұндай балалардың әрбір жетістігі – педагогтың, ата-ананың және қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Әр бала – болашақ азамат. Оның қоғамдағы орнын табуы үшін біз ерекше баламен ерекше жұмыс жүргізуіміз қажет. Сөз соңында айтқым келетіні «Әр бала бақытты болуға лайық!»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Заит Аяжан Боранбаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин