Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ер есімі ел есінде...

Аманғали Анель
2 мин оқу 40 оқылым
  • Екінші дүниежүзілік соғыста ер азаматтарымызбен бірге ерекше қайсарлықпен жауларына атой салған, есімдері елге танымал қазағымыздың батыр қыздары баршылық екенін ел аузында сақталған әңгімелерден жақсы білеміз.
  • Солардың бірегейі, ауыз толтырып айтарлықтай ерекше ерліктерімен көзге түсіп, ел аузында мәңгі сақталған, кейінгі ұрпаққа ұмытылмастай, үлгі боларлық батыр қыздарымыз – Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанова туралы биылғы 100 жылдық мерейтойларын атап өтпекпіз.
  • Қазақ халқының қыздары өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін жаужүрек, бір сөзбен айтқанда «жүрегінің түгі бар» деп айтсам, қателеспеспін деп ойлаймын. Сұрапыл соғыс кезінде елін, жерін,Отанын,туғанын жаудан қорғаған ардақты батыр ер азаматтарымыз, қайтпас қайсар қыздарымыз да аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Сол қайтпас қайсар, жалындай жарқыраған, елім десе өзегін жұлып беретін, болашақ жастарға үлгі боларлықтай Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова жайлы сөз қозғағым келеді.
  • Ол сұрапыл соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмасы анық. Жауынгердің сағынышы , ата ананың қайғысы, жардың мұңы, жетім-жесірдің көз жасы әрқайсымыздың есімізде. Соғыс қайғысы,соғыс мұңы әр отбасының басынан өтті.Қаншама жастың өмірін қыршынынан қиған бұл соғыс ешкімді де бейжай қалдырмады. Бұл соғыста батыр әпкелеріміз Хиуаз мен Мәншүк те ерлермен қатар ерлік көрсетіп, Отанын қасық қандары қалғанша қорғады.
  • Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
  • Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл-қыздың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова. Хиуаз Доспанова теңдессіз ерлігі үшін сол кездің өзінде «қанатты қыз» атанып, жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болған . Сол шайқастарда Хиуаз ұшақтан 14 рет құлап,төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен бірден ұрыс даласына қайта оралып отырғандығының өзі оның көзсіз ерлігінің айғағы деп айтсақ болады.
  • Жаумен шайқаста асқан ерен ерлік көрсете білген Хиуаз Доспанова майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені – соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығы мен Халық Қаһарманы атағы берілген.
  • Біз қазір "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі - қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыз бен батыр апаларымыздың арқасы десек артық айтқандық болмас. Біздің тыныш, бейбіт заманда ешбір алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз үшін, оларға алғысымыз шексіз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аманғали Анель

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым