Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Еңбегі еленген еңбек ері

Азамат
3 мин оқу 46 оқылым

Кешегі күн – бүгінгі тарих. Бар саналы ғұмырын ата кәсіп мал шаруашылығына жұмсап, кәсібінен нәсіп көрген, ел құрметіне бөленген тұғырлы тұлғалардың жүріп өткен жолы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, өнеге ретінде танылып келеді. Елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етіп, өзінің туған жерінің атын ел арасына танытқан тарихта қалар тұлға – Cайранбай Әліқұлұлы еді. Ағамыздың Жарлысу ауылына жасаған игі істері өте көп. Жазып тауыса алмаспыз, сірә! Өңір экономикасының өркендеуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Құланның қоңыр даласын малға, Жарлысудың төскейін төлге толтырған Сайранбай Дөненбаевтың өнегелі өміріне тоқталатын болсақ.

Тұңғыш Президентіміздің «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» деген сөзін көкейінде ұстаған Сайранбай ағамыз қарапайым шопан отбасында дүниеге келіп, өзінің еңбек жолын 1987 жылдан бастап «Алғабас» қой савхозында шопан, ферма және бөлімше меңгерушісінен бастаған.

Бүгінгі іргелі, ауылшаруашылығын алшаң бастыратын шаруа қожалықтың негізін 1996 жылы Жарлысу ауылында «Шәушен» деген атпен құрады. 2005 жылы еліміздің сол тұстағы басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы «Шәушен» қожалығына ат басын бұрып, шаруашылықтың жай-күйімен танысқан болатын. Республикаға белгілі шаруа қожалық қой, жылқы және ірі қара малын бордақылау кешенін іске қосып, бұл табысты саланы дамытуда өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп отыр. Қожалық асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсірумен, текті тұяқты тұлпарлар өсірумен және элита тұқымды егін шаруашылығымен тұрақты түрде айналысып келеді. Егіншілікті  ғылыми негізде жүргізе білген қожалық өрендері жыл өткен сайын табысқа кенелуде.

«Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев ауылын  дамытып, көркейтуді де назарынан тыс қалдырған емес. Жарлысу ауылы осыдан он жыл бұрыңғы ауылмен салыстыруға келмейді. Алыстан көз тартатын еңселі де әсем мешіт және мешіт жанынан медрессе, мейрамхана, жұмыртқадай тізілген екі пәтерлік жаңа үлгідегі он тұрғын үй, шопан балаларына арналған интернат үйі және осы интернат алдында 1931-1932 жылдардағы қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарына және 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысынан қайтпаған боздақтарға арнап, ескерткіш-монументт соғылған саябақ, бөбек-жай балабақшасы. Осы көз тартар ғимараттар ауыл көркін ерекше ажарландыра түсуде. Сайранбай Дөненбаев Жарлысу ауылының тауынан қымызбен емдейтін шипажай орнын ашты. Осының барлығы да шаруа қожалықтың жеке қаражатына салынып, ел игілігіне берілген бүгінгі күннің зәулім ғимараттары. Ағамыз өз сұхбатында: «Атадан қалған кәсіп қой, бұл-қой шаруашылығы деген. Сол әке ақ таяғын берді. Ал, бұл шаруашылықты істеу деген қиын болды уағында. Бұған қатты бет бұрғаным өзім шопан болып қызмет жасағаннан кейін осы қойды мемлекетке таныту. Осы дүниенің бәрі қойдың арқасында салынған нысандар десем жалған айтпаймын» деп еске алады.

Кәсіпкер Сайранбай Әліқұлұлы Дөненбаевтің  еселі еңбегі елеусіз емес, еленді. Ол «Құрмет» орденімен, Елордамыз – Астана қаласында өткен «Алтын сапа» республикалық конкурсында ІІ орынды жеңіп алып, күміс медальмен марапатталды. «Жыл патриоты» атағы, «Тәуелсіздікке 10 жыл» медалі, «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалі, «Еңбек даңқы 2012» медалі»,  «Парыз 2012» медалі берілді. «Жомарт жүрек» сыйлығының лаураты «Жыл тұлғасы» аталымының иегері атанды.

Бүгінгі таңда Сайранбай Әліқұлұлының есімін облыс тұрғындары жадынан шығармай, қызметі мен еңбегін үлгі етіп жүр. Жоғарыда атап өткеніміздей, біршама игі істердің бастамашысы болды. Ауыл халқы, аудан тұрғындары ел ағасының ұйымдастыруымен болған жүйелі жұмыстың толайым табысын көрді. Ел үшін туған ердің еңбегінің еленіп, «Қазақстанның Еңбек Ері» - Алтын жұлдыз белгісі және Отан орденімен марапатталуы - бұл Сайранбай Әліқұлұлының еткен еңбегінің жемісі.

Адам артында қалған ұрпағымен мәңгі жасайды. Сол себепті Сайранбай Әліқұлұлының мына өмірде өзі болмағанымен, ісін жалғастырар ұрпағы қалды.

Амантай Азамат Қанатұлы

Филология факультетінің студенті

Ғылыми жетекшісі-Қозыбақова Ф.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Азамат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Математика

Квадрат теңсіздіктерді шешу

8-сыныпқа арналған сабақ жоспарында квадрат теңсіздіктерді парабола және интервалдар әдісімен шешу жолдары, жеке, жұптық және топтық тапсырмалар берілген.

Азамат 2 мин 44 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым