Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында талқылау

Копбаева Рабига Зунинқызы
2 мин оқу 34 оқылым

Копбаева Рабига Зунинқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы
Исламтану мамандығының 2-курс магистранты

01.09.2022 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынды. Еліміз үшін маңызды бұл жолдауды Біз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистранттары өз тарапымыздан қолдап, президентіміздің алға қойған мақсат мүдделерін талқыладық. Ел болашағы жастардың қолында болғандықтан, ел үмітін ақтау мен оның келешегін кұру өз қолымызда екені айдан анық. Сол себептен атаулы іс-шараға өз үлесімізді қосу біздің азаматтық парызымыз деп білдік. Талқылаудың нәтижиесінде келесідей негізгі мәселелерді айқындадық. Жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Атап айтқанда келесі мәселерледі қолға алу жоспарлануда:

  • Жалақыны және әл-ауқатты арттыру; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 60 мың теңгеге дейін көбейту болды. Бұрын 42 500 теңгені құраған бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері өспеген.
  • Зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалануды жақсарту; Жолдау аясында азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыру туралы айта отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары) «Отбасы банк» АҚ-дағы шоттарға аударуға және кейіннен тұрғын үй сатып алуға құқық беру сияқты маңызды қадамды атап өту керек.
  • Дарынды балаларды және жалпы білім беру саласын қолдау; Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде адами капиталды дамыту қажеттігіне, соның ішінде білім беру саласын нығайтуға үнемі назар аударып келеді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады (жыл сайын 16 негізгі бағыт бойынша 80 жүлдегер).
  • Бизнесті қолдау;  Елеулі экономикалық әсері мен кәсіпкерлер арасындағы жоғары сұранысты ескере отырып, Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қолданылуын ұзарту туралы шешім қабылдады, оның аясында тауар өндірушілер жеңілдікпен несие ала алады. Оны қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.
  • Инфрақұрылымды жаңғырту және салу; Президент өз сөзінде экология және ел тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселелеріне үнемі назар аударады. Сондай-ақ Президент стратегиялық инвесторлармен бірлесіп еліміздің түрлі өңірлерінде кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергетика қуатын іске қосу міндетін қойды. Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жүреді, қазірдің өзінде 715 МВт қуаттылық іске қосылды.

Міне, Жолдауда осындай көкейге үміт ұялатып, құлшынысты арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды, жаңа міндеттер жүктелді. Ендігі жерде Жолдауда айтылған әр тапсырманың жүйелі жүзеге асуына атасылысып ел болашағын бірге құру өз қолымызда.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Копбаева Рабига Зунинқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым