Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Еліміздің ертеңі - білімді жастар

Гүлден
2 мин оқу 105 оқылым

Ел ертеңі – білімді жастар

Жастар -  біздің болашағымыз.

Оларды жаңа заманда өмір сүруге

үйрету – біздің міндетіміз.

Н.Ә.Назарбаев

Сан ғасырдың сынаптай сырғыған ғажайып сәттері де өтті, арманға толы әр кезеңі де

есте қаларлықтай жылжыды.Тек адамзат баласының өткенін өшірмей келешегін

кемелдендіретін, болашағын бағдарлай білетін ұлағатты ұрпақтары туған елдің түтінін түзу етпек.

Мемлекеттің болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жас жеткіншектер. Елбасымыз «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында» деуі жалынды жастарға мақсаты айқын жолды меңзеп тұрғандай. Расында бүгінгі жас ертеңгі – ел тірегі, келешектің келбеті. Жастарды білі жолына бастап, болашағына бағыт беру, оқу – білімнің биігін бағындыру мемлекет пен қоғамның басты міндеті болып саналады. Қай мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу – ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Кемел келешектің іргетасын   қалау үшін, ең алдымен, ел жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салуы керек. Қазіргі таңда елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Қазақстанның әрбір жалынды жастарын алаңсыз, білім нәрімен сусундауына барынша жағдай жасалған. Кемел  болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйіткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден – бір куәгері болмақ.

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» - деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды ілгері мемлекетке айналдыру – біздің қолымызда. Сондықтан жадыраған жалынды жастар уақыттың кез – келген сынағына дайын болып, бәсеке қабілетті болуы керек. Жастар білімді болуы үшін, таңдаған мамандығына баса назар аударғаны ләзім. Себебі, сол таңдаған  мамандығымыз бойынша өмір бойы қызмет атқарамыз. Бала кезден мен армандаған мамандық – ұстаз болу еді. Қазіргі таңда өз жүрек қалауыммен осы мамандықты таңдап келіп отырмын. Ұстаздық бұл шоқтығы биік, мәртебесі жоғары мамандық. Себебі, бүгініміз бен ертеңіміздің жастарының бойына білімнің нәрін сеуіп, мейірім төгетін маңызды тұлға.

Менің балалық шағымнан үлкен естелік болып қалатын тағылымы терең, білімі мәңгі жадымда сақталған ұстазымды ерекше құрметтеймін. Біз мектеп табалдырығын тарыдай аттаған сәтімізден бастап – ақ , ұстазымыз қолымызға қалам ұстатып, оқытып алға  жетелеген. Әрине, ақиқатына келсек, бір ауыз сөзбен – ақ жол сілтеп, тура жолға бағыттайтын ерекше қасиетімен тәнті қылатын.

Өмір өткеліндегі өнімді іс, ілгері бастар айқын даңғыл да – мәртебелі мамандық екені даусыз. Арман асқарынан басталып, мақсат – межесіне жеткізер жүректің қалауы болған менің таңдаған мамандығым – заманауи заңғарлармен жахандық жағдайда қажетті құндылық. Таңдаған мамандығын тағылымды өмірдің табиғаты іспетті қабылдаған әр жас - туған мекенінің ертеңгі келешегі үшін ауқымды істерге ілкімді қадам басуы тиіс.

Мен өз сөзімді ел болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа арнаған жыр шумақтарымен аяқтаймын:

Ертеңі жарқын жастармыз,

Білімге биік бастармыз.

Бабаның жолын жалғайтын,

Тарихы терең дастанбыз.

Арманы асқақ маманбыз,

Туған ел тәнбіз саған біз.

Болашаққа нық ұмтылған,

Мақсаты айқын адамбыз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гүлден

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым