Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Елбасының елеулі еңбектері

Автор

Нұрай Ерболат
4 мин оқу 228 оқылым

2019 жылғы 19 наурызда елімізде үлкен тарихи өзгеріс орын алды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтатты. Ол өзінің халқына жолдаған үндеуінде елді басқарғанына 30 жылға жуық уақыт өткенін, мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтату оңай шешім болмағанын атап өтті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алғаш қазақ елінің тізгінін ұстаған тарихына көз жүгіртсек. КСРО-да Президенттік институт енгізілгеннен кейін 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ КСР Президенті етіп сайлады. Бұл жалпыхалықтық болмаса да, алғашқы президент сайлауы болды. Осылайша Қазақстанда жаңа саяси институттың қалыптасуы басталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың республика басшысы лауазымындағы маңызды қадамдарының бірі Семей сынақ полигонын жабу еді. 1991 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Семей сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Әлемдегі ең ірі ядролық полигонның жабылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі бітімгер ретіндегі алғашқы қадамдарының бірі болып тарих беттерінде қалды.

1991 жылы әлемдік аренадағы ең ірі тарихи кезең Кеңес Одағының ыдырауы еді. Одақ құрамында болған республикалар өз Қарулы күштерін құрып, егемендіктерін жариялап жатты. Аталған жылдың 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңға қол қойды. Бұл оқиға тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі тарихының бастауы ретінде ел есінде сақтаулы.

Алайда, әлемдік державалардың шеңберіне жас мемлекеттің кіруі қиын болды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ-на мүше болуға өтініш жасады. Еліміздің егемендігі халықаралық дәрежеде мойындалып, 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қабылданды. Жүргізілген орасан зор жұмыстың нәтижесінде республика халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды.

1993 жылдың қаңтарында ҚР тұңғыш Конституциясы, ал 1995 жылғы 30 тамызда референдум арқылы қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Елдің Негізгі Заңы нақтыланып, Президентке нарықтық реформалар жүргізуге көбірек мүмкіндіктер берді.

Жаңа мемлекеттің қалыптасуындағы негізгі қадамдарының бірі өзінің мемлекеттік рәміздерін бекіту. 1992 жылғы маусымда өткізілген байқаудан кейін елдің Әнұраны, Елтаңбасы және Туы бекітіліп, «Мемлекеттік рәміздері туралы Заңы» қабылданды. Келесі қадам ұлттық валютаны енгізу болды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасында теңге ресми түрде айналымға еніп, ұлттық валюта ғана емес, ел тәуелсіздігінің символына айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларының бірі ол алғаш рет 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөз сөйлеген еуразияшылдық идеясы болды. Еуразиялық интеграцияның нәтижесі 2014 жылғы мамырда Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың құрылуына алып келді. Біздің көшбасшымыз трансконтиненталдық экономикалық интеграцияның бас "конструкторына" айналды.

Президенттің атқарған қызметтерінің ішіндегі ең маңыздысы жаңа елорда Астананы (Нұр-Сұлтан) қалыптастыру болды. 1994 жылғы 6 шілдеде ұзақ ойланыстан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің мінберінен астананы көшіру туралы бастама көтерді. Депутаттар астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Назарбаев қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлелдеді – 1997 жылғы 20 қазанда Ақмола Қазақстанның астанасы болды, ал 1998 жылғы мамырда Астана болып өзгертілді. Тарихи датаға орай 2008 жылғы 6 шілдеде мемлекеттік мереке –ҚР астанасы күні бекітілді. Мұндай бастама Тұңғыш Президент қаласы – Елордамыздың заманауи Қазақстанды дамыту орталықтарының бірі ретіндегі рөлін дәлелдеді.

Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың маңызды құралдарының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. ҚХА құру идеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздығының нәтижесі бола отырып, 1995 жылы наурызда құрылды. Мұндай қадам көптеген халықтарға қуаныш пен болашаққа деген сенім сыйлады.

Конституцияға сәйкес, Елбасымыз бірнеше рет Қазақстан халқына Жолдауын арнады. 1997 жылғы 11 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына бірінші Жолдауын жариялап, онда елдің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағытын белгіледі. "Қазақстан-2030" Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды, ал Президент Жолдаулары жыл сайын өткізілді.

Елбасының көрегенділігі негізінде Астана еліміздің басты бейнесіне айналды. Елдің халықаралық беделін көтеруге, көптеген мемлекетпен терезесі теңдей болуға Елбасы үлкен күш жұмсаған еді. 2003 жылдың қыркүйегінен бастап Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтуде. Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Форум жасампаздық пен жалпы адамзаттық дамуға бағытталған беделді халықаралық алаңға айналды. 2010 жылғы желтоқсанда Астанада Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ЕҚЫҰ Саммиті өтті. 2011 жылдың қаңтар айында Астана мен Алматыда VII Қысқы Азия ойындары өтті. Маңызды имидждік іс-шаралардың бірі "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу болды. 2012 жылдың қарашасында Қазақстан Дүниежүзілік мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Күрделі дайындық шараларынан кейін Астанада 2017 жылдың маусым айында "Болашақ энергиясы" тақырыбында "ЭКСПО-2017" мамандандырылған халықаралық көрмесінің есігі ашылды.

2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев халық сенімінің жоғары деңгейіне қарамастан, Қазақстан Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатты. Бұл тарихи өзгеріс Елбасының Қазақстан халқы мен азаматтарына, елдің болашағына деген үлкен сенімділігі негізінде жүзеге асты. Аз уақыт ішінде Қазақстан елін бірлік пен бейбітшіліктің, ұдайы даму мен өркендеудің ұясына айналдырған Елбасының ерен еңбегі ғасырлар бойы ел есінде сақталмақ.

Болат САЙЛАН, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Нұрай ЕРБОЛАТ, 1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нұрай Ерболат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин