Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Елбасы-Ел тірегі

Рысбекова Фарида Асановна
3 мин оқу 524 оқылым

Абай атындағы Республикалық   мамандандырылған

дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен

әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп

интернатының тарих пәнінің мұғалімі

Рысбекова Фарида Асановна

Елбасы-Ел тірегі

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

КСРО күйреген шақта жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, дос­тық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігі тұ­ғыр­­лы, жасам­паз Қазақстан мемлекетін құрды. Күрмеуі қиын шақ­тарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастап, Қазақ­станды дамыған әлеуетті мем­лекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Прези­денттің халық үшін еткен қызметі ерен. Қазіргі кез­де есімі елімен қатар аталып, алыс-жақын мемле­кеттерде мәртебесі тасыған Тұңғыш Президен­тіміздің күнін атап өту әр­бір қазақстандық үшін мерейлі мереке екені анық.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.

Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың халыққа сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парақталып, бағасы арта түсуде. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да, алғыр басшы. Оның дәлелі,  қазақ елінің халықаралық беделін, қоғамдағы ұлтаралық қатынастардың, ұлттың әл-қуатын арттыруға деген ұмтылысынан көруге болады.

-Әрбір елдің ,халықтың бір дәуірлерде қайта түлеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады. Мысалы,Түріктер үшін- Кемал  Ататүрік, үнділер үшін – Махатама Ганди. Олардың бірі тарихтан  өшіп кетудің алдында тұрған халқын қайта түлетсе, екіншісі отаршылар езгісінде  тапталған қалың бұқараның еңсесін көтерді. Ал біздің қазақ үшін Н.Ә.Назарбаев-сондай тұлға. Осындай ұлт бақыты үшін туған азаматтың қайраткерлігі, сезімталдығы,    көрегендігі,нені қолға алса да жүз ойланып,мың толғанып шешім жасайтын қасиеті ұнайды.     Әсіресе, Астана идеясын жүзеге асырудағы ерлігін,табандылығын, сіңірген еңбегін ешбір материалдық өлшеммен салыстыруға болмайды.

Бізге ең алдымен ынтымақ,бірлік,елдің тыныштығы керек еді. Ырың-жырынға жол бермеу керек еді. Бұдан басқа жол жоқ еді. Бабаларымыз бізге мирас етіп кеткен сол жолдан Елбасы ешқашан тайған емес

Еліміздің егемендігін нықтаған,қазақ халқын ХХІ ғасыр ұлт ретінде  қатарынан  қалдырмай, өрге оздырып келе жатқан ,сонымен бірге Қазақстанды дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті елдердің алдыңғы қатарына шығарған, Тәуелсіздіктің бұғанасын қатайтып, туын асқақтатқан, түркі әлемінің дамуына үлкен үлес қосқан айтулы тұлға дер едім.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Рысбекова Фарида Асановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым